ӘлеуметЖаңалықтар

Жұмыспен қамту орталығына жүгініңіз!

Елордадағы Халықты жұмыспен қамту орталығы «Қоғамдық жұмыстар», «Жастар практикасы», «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жұмысқа орналастыру бағдарламалары аясында жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін жұмыс берушілерден өтінімдер қабылдауды бастады.

[smartslider3 slider=430]

* Өтінімдерді жинау қаржыландыру лимитіне сүйене отырып, жыл сайын 1 қарашаға дейін жүзеге асырылады. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жайлы толық ақпаратты czn.kz сайтынан немесе 8(7172) 57 89 35; 72 93 56 телефондары арқылы білуге болады.
* «Қоғамдық жұмыстар» – Халықты жұмыспен қамту орталығы ұйымдастыратын, қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыты бар еңбек қызметінің түрі.
* «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына үш жыл бұрын диплом алған, жұмыс тәжірибесі жоқ, 29 жасқа дейінгі, техникалық және кәсіптік және жоғары оқу орындарын аяқтаған түлектер қатысады. Өту ұзақтығы – 6 ай.
* Әлеуметтік жұмыс орын – жұмыс беруші жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін Халықты жұмыспен қамту орталығымен шарттық негізінде құратын жұмыс орны. Олардың арасында табысы аз және көпбалалы отбасылардың мүшелері, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдар және т.б. басымдық пайдаланылады, бұл ретте жалақыны мемлекет субсидиялайды.
* Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы 12 айдан астам уақытты құрайды. Ай сайынғы субсидия мөлшері жалақының белгіленген мөлшерінің 35%-ын құрайды, бірақ ЕТЖ мөлшерінен аспайды.
* «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бірінші рет жұмыс іздеп жүрген, 29 жастан аспаған және жұмыс тәжірибесі жоқ NEET санатындағы жастарға арналған. «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысушы кемінде 24 ай мерзімге тұрақты жұмысқа орналасады. Субсидия (жалақы) мөлшері 20 АЕК (58 340 теңге) құрайды.
* «Ұрпақтар келісімшарты» зейнеткерлікке шығатын еңбеккерлерді ауыстыруға кадрлар даярлайтын жастарға арналған. Ұрпақтар келісімшартына қатысушы кемінде 18 ай мерзімге тұрақты жұмысқа орналасады. Субсидия (жалақы) мөлшері 20 АЕК (58 340 теңге) құрайды.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button