Елорда тынысы

Жұмыспен қамту қалай жүзеге асып жатыр?

Халықты нәтижелі жұмыспен қамту және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту мақсатында елордада нақты жұмыс атқарылып жатыр. Қалалық Тексеру комиссиясы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының жекелеген іс-шараларын іске асыру тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізіп, кезекті отырысында оның қорытындылары туралы мәселені қарады.

[smartslider3 slider=3367]

Тексеру комиссиясының төрағасы Иманжүсіп Ақпанбаев аудит Нұр-Сұлтан қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы», «Білім басқармасы» мемлекеттік мекемелері мен Жұмыспен қамту орталығына жүргізілгенін атап өтті. Өз кезегінде комиссия отырысына осы мекемелердің басшыларымен бірге комиссия мүшелері қатысты.

Отырыс барысында сөз алған комиссия мүшесі Амандық Молдашев, атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан, аталмыш мекемелерде бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану кезінде ҚР заңнамасы нормаларының бұзушылығы жалғасып жатқанын жеткізді. Осылайша «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету» бөлігінде «Еңбек» бағдарламасының бірінші бағытының орындалуына жүргізілген талдау және бағалау белгіленген көрсеткіштердің орындалмағанын көрсетті.

Оқу бітіргеннен кейін жастардың басым бөлігі дипломмен жұмысқа орналасуға асықпайды. Тіпті бүгінгі таңда еңбек нарығында аса сұранысқа ие электрик, модельер-пішуші, лифт электромеханигі, сандық ақпаратты өңдеу жөніндегі маман деген мамандықтары бола тұра, жүргізуші, әкімші, арт-менеджер, шаштараз, макияж суретшісі, кассир, хатшы, риэлтор, санитар, жүк тиегіш сынды әртүрлі жұмысшы мамандығымен нан тауып жүргендер жетерлік.

Сонымен қатар Білім басқармасы жүргізген мониторинг қорытындысы бойынша 2020 жылы 886 түлектің 329-ы және өткен жылы 956 түлектің 249-ы жұмысқа орналаспаған.

– Жұмыс берушілердің өтінімдері және еңбек нарығында талап етілетін біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқамерзімді кәсіптік оқытуға қатысушылар бойынша да жағдай қайталанады. Осылайша оқуды аяқтағандардың үлесі орта есеппен 94 пайызды, жұмысқа орналасқандардың үлесі 71 пайызды құрайды, бұл ретте соңғы екі жылда білім алушылардың саны 2019 жылмен салыстырғанда 5,7 есеге азайды. Білім беру ұйымдарында қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың құнын айқындау әдістемесі жоқ, оны Білім министрлігі 2020 жылғы сәуірде бекітуі тиіс еді, бұл ретте Жұмыспен қамту орталығы оқыту құнын оқу орындарының баға ұсынысына сүйене отырып айқындады, – деді А.Молдашев.

2021 жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды аяқтаған тыңдаушылар бойынша Жұмыспен қамту орталығы алған 79 адамды біліктілігі бойынша жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етпеген. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант беру бөлігінде «Еңбек» бағдарламасының екінші бағытының орындалуына жүргізілген талдау мен бағалауда бірқатар кемшілік пен бұзушылық анықтады.

Жыл сайын қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру үшін қомақты қаражат бөлінгенмен, соңғы үш жылда жұмыссыздардың тек 3,9 пайызы ғана тұрақты жұмысқа орналасты. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектер, жұмыс іздеп жүрген адамдар, 29 жастан аспаған жастар қатарындағы, халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелуіне қарамастан, жұмыссыз адамдар, оның ішінде NEET санаты, жұмыс тәжірибесі жоқ және «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы өзінің тиімсіздігін көрсетті.

Тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша қаулы қабылданып, аудит объектілеріне тиісті тапсырма мен ұсыным жіберілді.

Гүлбаршын

Өкешқызы

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button