8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні

Жұмысшы әйелдерді құттықтады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов коммуналдық қызмет саласында аянбай еңбек етіп жүрген қыз-келіншектерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады. Коммуналдық қызмет паркіне барған шаһар басшысы оларға гүл шоқтары мен алғыс хат табыстады.

[smartslider3 slider=2348]

«Қаланың тазалығын тап-тұйнақтай етіп жүрген нәзік жандар қыста қар күреп, мұз ояды. Санитарлық тазалық жұмысын жүргізіп, күн жылығанда гүл мен ағаш отырғызып, елорда шырайын келтіреді. Күнделікті күйбең тіршілікте олардың бейнетін байқай бермейміз. Алайда олардың тынымсыз тіршілігінің себебімен қаламыз таза қалпын сақтап келеді.

Олардың осы еңбегіне барынша қолдау көрсетіп, еңбек жағдайын жақсартамыз: коммуналдық қызмет паркін жүйе­лі түрде жаңартып, жалақы мөлшерін көтереміз. Коммуналдық қызметкерлеріміздің жанкешті жұмысын жоғары бағалаймыз. Жауапкершілігі мол, аса маңызды істі атқарып жүргендеріңізге алғысым шексіз. Сіздерге мықты денсау­лық, отбасыларыңызға амандық тілеймін» деді А.Көлгінов кездесу барысында.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button