Жұмысшы мамандықтар жылына арналған көшпелі отырыс өтті

«AMANAT» партиясының Астана қалалық филиалы жанындағы Білім және денсаулық мәселелері бойынша қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті, деп хабарлады astana-akshamy.kz
Кеңес мүшелері елордадағы Техникалық колледждің тыныс-тіршілігімен, өндірістік шеберлік сыныптары мен зертханалардың жұмысымен танысты.
«Лифт шаруашылығы және эскалаторлар» арнайы пәндер оқытушысы Гүлнәр Кенжебекова «Оқу полигоны» шеберлік сағатында «Көтергіш-көлік жабдықтарын пайдалану және қызмет көрсету» туралы баяндады.\«Машина жасау технологиясы» өндірістік оқыту шебері Дәулет Кеңесұлы «Аймақтық құзыреттілік орталығы» шеберлік сағатында «Сандық бағдарламалы басқару станоктардағы жұмыстардың қыр-сырын түсіндіріп берді.
Сондай-ақ өзге де оқытушылар өз тәжірибелерін бөлісті.
Мәселен, «CББ бағдарламалау виртуалды сыныбы» зертханасында өткен шеберлік сағатында өндірістік оқыту шебері Бақыт Сариева, ал өндірістік оқыту шебері Ғалымжан Бижігітов «Индустрия 4.0» шеберлік сағатында келушілерге жұмысшы мамандығының маңыздылығын айтып, өз салалары бойынша жан-жақты әңгімеледі.
Бұдан әрі колледж студенттері станоктармен, түрлі жабдықтармен қалай жұмыс істейтінін көрсетті.
«AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбектің айтуынша, биыл Жұмысшы мамандықтар жылы болғаннан кейін қандай да бір мәселелер болса, оны көтерген дұрыс. Ол мәселе шешімін табады.
«Колледждердегі мамандықтар бойынша қоғамда өзгеше көзқарас бар. Біз сол теріс көзқарасты жоюымыз қажет. Маман иелерінің мәртебесін көтеріп, насихаттауымыз керек. Қоғамдық кеңес мүшелері бүгінгі кездесуден алған әсерлерін бөлісіп жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Алда барлық техникалық колледжді аралап шығу жоспарымызда бар. Кейін қорытынды жиын өткізуіміз керек. Оған Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын, барлық колледж директорларын шақырып, көтерілген мәселелерді айтып, сол тарапта жұмыс істеуіміз қажет», – деді Мұхаммед Болысбек.
Осы орайда «AMANAT» партиясының Астана қалалық филиалы жанындағы Білім және денсаулық мәселелері қоғамдық кеңесінің мүшелері, колледж басшылары мен оқытушылар өздерін мазалайтын проблемаларды ортаға салып, оның шешілу жолдарын бірге қарастырды.
Соңғы жаңалықтар
14 ақпан 2025
14 ақпан 2025
14 ақпан 2025
14 ақпан 2025
13 ақпан 2025