Денсаулық

Жұмысшы-мигранттар арасындағы АИТВ

5671c3c7047948180bbdf6ffd0980214_XL

Астана қаласы әкімдігінің «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК денсаулық сақтаудың бірнеше бағыттар бойынша АИТВ және жыныстық жолмен жұғатын инфекцияларды жұқтыру қаупін төмендету мәселелері бойынша жұмысшы-мигранттармен санитарлық-алдын алу жұмыстарын жүргізіп келеді. 

Орталық қызметкерлері жұмысшы-мигранттардың жұмыс орындары мен мекенжайларына: тікелей өнер­кәсіптік кәсіпорындарға, құрылыс объектілеріне, жатақханаларға шығып «Еңбек саласындағы АИТВ жұқпа­сының өзектілігі» тақырыбында дәріс-семинарлар өткізді. Ақпараттық құралдарды мемлекеттік және орыс тілдерінде таратып, жұмысшы-миг­ранттарға АИТВ жұқпасының алдын алуда жеке басын қорғайтын құралдарға қолжетімділік қамтамасыз етілді.
ЖИТС орталығының мамандары
Албания, Түркия, Өзбекстан, Қырғыз­стан, Ресейден келген жұмысшы мигранттар арасындағы орта жас аралығы 30 жастағы еркектердің (90%) басым­дылығы анықталған экспресс-бағалау жүргізді. Көптеген құрылыс компания­лары АИТВ-ға тестілеу жүргізу үшін ЖИТС орталығымен келісімшарт жа­сасады. Кейбір ұйымдар Орталықтың мамандарын өз ұйымдарына жұмыс орнында өз АИТВ статустарын білгісі келетіндер үшін экспресс-тест өткізу үшін шақырады.
Астанада еңбек мигранттарының көбі құрылыс саласы мен өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмыс істейді. «АИТВ/ЖИТС-тың бизнеске әсері» көрсеткіштері бойынша Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінің рейтингін арттыру аясында ЖИТС орталығы Кәсіпкерлер палатасының, Кәсіпкерлік және өнеркәсіптік пала­таларының басқармасы, сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер департаменті, Астана қаласы бойынша Көші-қон полиция басқармасының көмегімен ірі және орта бизнес саласындағы жұмысшы мигранттар арасында АИТВ жұқпасын ескерту бойынша профилактикалық
іс-шаралар өткізеді.

Данагүл БЕКСҰЛТАНОВА,
Астана қаласы әкімдігінің «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің дәрігер-эпидемиологы

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button