Шаһар шежіресі

Жұмысшы қыздар жатақханасы

Кезінде Целиноград қаласындағы елімізге танымал «Целиноградсельмаш» және «Қазақселмаш» кәсіпорынында қыздар көптеп жұмыс істеген. Осы өндіріс орындарына тиісілі жатақханада бес жүзге тарта қыз-келіншек тұрыпты.

Ол кезде жұмысшы-жастар арасында көркемөнерпаздар үйірмесі ұйымдастырылатын. Үйірме мүшелері бос уақыттарында жатақхана тұрғындарына концерт қойып, өз өнерлерін ортаға салатын.

Бұл сурет 1974 жылдың қаңтар айында түсіріліпті. Суретте жас өнерпаздар Любовь Юровская, Екатерина Плетнева, Светлана Борисова және Наташа Нурова кезекті концертке дайындалуда.

Қазір мұндай жұмысшы-қыз­дар жатақханалары болмағанымен, өнерпаз қыз-келіншектер мерекелерде өнер көрсетіп тұрады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button