#Жаңа Қазақстан

Жұмысшылармен жүздесті

Кеше «Ауыл» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің және Астана қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар «Астана электротехникалық зауыты» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында кандидаттар үгіт-насихат жұмыс­тарын жүргізіп, қызметкерлерге «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.

«Ауыл» партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Николай Арсютин сайлауалды бағдарламаның басты бағыттарының бірі – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді еңбек ұжымының мүшелеріне түсіндірді. «Тәуелсіздік алған 30 жыл бойы, оның ішінде соңғы 2-3 жылда азық-түлік бағасы өсуде. Мұны кез келген адамның қалтасы көтере бермейді. Сондықтан «Ауыл» партиясы халықтың табысын, әлеуметтік қызметтердің, атап айтқанда, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет сапасын арттыруға ниетті. Сондай-ақ біз ана тілді нығайтуға, халықтың рухын жандандыруға және қазақстандықтардың санасын жаңғыртуға өз үлесімізді қосқымыз келеді» деп атап өтті Николай Арсютин.

Сонымен қатар кездесу аясында кандидаттар қалада өмір сүрудің жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту сияқты тақырыптарды көтерді. Үгіт-насихат тобы қазақстандық қоғамда отбасының, ана мен жастардың рөлін арттырудың маңыздылығын мәлімдеді. Ауыл мен ауыл шаруашылығын дамыту арқылы барлық әлеуметтік-экономикалық мәселені түбегейлі шешуге болатынын айтып, іс-шараны қорытындылады. Жұмысшылар болса «Ауыл» партиясының бастамаларын қолдады.

Кездесу соңында кандидаттар сайлау­шыларын азаматтық ұстанымын көрсетуге, сайлауға баруға және бюллетеньде 2 нөмірдегі «Ауыл» партиясына дауыс беруге шақырды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button