Жаңалықтар

Жұмыссыздарды оқытады

Нұр-Сұлтан қаласында жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқыту курстарына өтінім қабылданып жатыр.

[smartslider3 slider=3400]

Кәсіптік оқытудың мерзімі біліктілік пен дағдылардың ерекшеліктеріне қарай 6 айдан аспайды. Оқу шығындарын мемлекет өтейді. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмыс берушілердің тізбесін бекітті, олардың өтінімдерінің негізінде білім беру мекемелерінде жұмыссыз азаматтар үшін кәсіптік оқыту ұйымдастырылады.

Қысқамерзімді курстарға үміткерлерді қабылдау 25 сәуірде басталады, мекенжайы: Бейбітшілік көшесі, 9-үй. Үміткерлер жұмыссыз ретінде тіркелуі керек. Тіркеусіз қабылдау жүргізілмейді. Осыған байланысты үміткерлер enbek.kz, egov.kz порталдары арқылы немесе Халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз тұлға ретінде алдын ала тіркелуі тиіс.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button