Қала тіршілігі

Жұмыссызды тегін оқытады

Жұмыспен қамту орталығы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында 14 мамандық бойынша 213 азаматты қысқамерзімді кәсіптік білім беруге жіберді. Қазіргі уақытта 189 азамат оқуын аяқтап, 76 пайызы жұмысқа орналасты.

[smartslider3 slider=526]

Қысқамерзімді оқыту курстары мамандықтың ерекшелігіне байланысты бір айдан үш айға дейін созылады. Оған Халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз болып тіркелген азаматтар қатыса алады. Үміткерлер курсқа қатысқысы келетіні туралы өтініш пен өзінің жеке куәлігі, еңбек кітапшасы (егер бар болса), білімі туралы құжатты өткізуі керек.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button