Жұмыссыздық деңгейі төмендеді

Елордада жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді, еңбек нарығындағы жағдай тұрақты. Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметіндегі брифингте Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жүсіпов пен «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры Олжас Омар айтты.
Елорданың еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейі – 4,5 пайыз. 2023 жылы 24 мыңнан астам адамды, оның ішінде 16 мыңнан астам жасты жұмыспен қамту жоспарлануда. 27 қазандағы жағдай бойынша 22312 адам, оның ішінде 11591 жас жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды. Тұрақты жұмыс орындарына – 7407, қоғамдық жұмыстарға – 2278, жастар практикасына – 968, әлеуметтік жұмыс орындарына – 303, алғашқы жұмыс орнына – 297, «Күміс жасқа» – 789, «Ұрпақтар келісімшартына» – 6, МБА үшін арнайы жұмыс орындарына – 1, кәсіптік оқытуға – 209, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқытуға – 8628, сұранысқа ие дағдыларды онлайн оқыту бойынша 971 адам жұмысқа орналасты.
Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы адамдар үшін жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға барлығы 132 грант берілді. Грант мөлшері – 400 АЕК (1380000 теңге). 21 мен 35 жас аралығындағы жастар үшін жылдық 2,5 пайызбен 5 млн теңгеге дейін шағын несиелеу көзделген. Конкурстық комиссияның шешімімен жастардың 323 бизнес-жобасы мақұлданды, 229 кредит төленді. ҚР ЕХӘҚМ-ге 750 млн теңге қаражатты шешу (150 микрокредит) бойынша бюджеттік өтінім жолданды.
– 43462 жұмыс орны құрылды. Оның ішінде 38745-і тұрақты және 4667-сі уақытша. «Электрондық еңбек биржасы» интернет-порталында 2330 жұмыс беруші 4966 бос орын орналастырды. 32 бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Жұмыссыздар, түлектер, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар және алимент бойынша борышкерлерді қайта әлеуметтендіру үшін және еңбек тапшылығы бар өңірлерге көшіру, – дейді Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Е.Жүсіпов.
Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Мансап орталығы» жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, яғни бос жұмыс орындарына іріктеу жүргізіп, тұрақты жұмыс орнына орналастырады, тиісті бос жұмыс орны болмаған жағдайда, уақытша жұмыс орны ұсынылады. Бұл – «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Қоғамдық жұмыстар», «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Күміс жас».
«Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасы колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектеріне, сондай-ақ оқымайтын және жұмыс істемейтін жастарға арналған. Бүгінгі таңда осы бағдарлама бойынша 35 жасқа дейінгі 297 адам жұмысқа орналасты. «Жастар практикасы» колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектеріне мамандық бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік береді. Осы бағдарлама бойынша 961 адам жұмысқа орналасты. «Ұрпақтар келісімшарты» бағдарламасы оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға көмектеседі. Ақылы қоғамдық жұмысқа жұмыссыздар, студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары оқудан бос уақытында қатысуға мүмкіндігі бар. Осы бағдарлама бойынша 2000-нан астам адам жұмысқа орналасты. Жұмыспен қамту «Әлеуметтік жұмыс орындары» бағдарламасы аясында азаматтар бір жылға жұмысқа орналасады. Қазіргі уақытта 300-ден астам адам жұмыс тапты. 50 жастан асқан тұрғындар үшін «Күміс жас» бағдарламасы бар. Бүгінгі таңда бағдарлама бойынша 789 адам жұмысқа орналасқан, – деді «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры О.Омар.