Әлеумет

Жұмыссыздықпен күрес жалғасуда

Астанада Жұмысшы мамандықтары жылының аясында Алматы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтті.

Жәрмеңкеде түрлі саладағы 90 ұйымнан 2 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды.
«Қоғамдағы жұмыссыздықты жою мақсатында бүгін осындай жәрмеңке ұйымдастырып отырмыз. Дәл қазір мұнда өндірістік кәсіпорындар, қызмет көрсету компаниялары және білім беру мекемелері өз ұсыныстарын таныстырып жатыр. Сонымен қатар JOLTAP бағдарламасының, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының және қаржы ұйымдарының өкілдері жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат берді.

Жәрмеңке алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады» деді Астана қаласы Алматы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Айбын Айдынұлы.

Ал жұмыс іздеушілер мұндай жәрмеңкелер жұмыссыз жүргендер үшін өте пайдалы екендігін айтады.

«Әрине, мұнда біз үшін бір жерде бірнеше жұмыс берушімен тікелей сөйлесуге, бос жұмыс орындары туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік туады. Бұл мен сияқты жұмыс іздеп жүрген адамдар үшін уақытты үнемдейді және сенімді жұмыс табудың ең тиімді жолы деп санаймын» деді қала тұрғыны Арайлым Мұстафа.

Шапағат ӘБДІР

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button