ЖаңалықтарҚала мен СалаҚала тіршілігіҚоғамТаным

Жұмыссыздыққа қарсы шаралар күшейеді

Қалалық мәслихаттың көпшілік тыңдауларында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында жұмыссыздықты төмендету және халықты жұмыспен қамтуға қол жеткізу жөніндегі жұмыс жағдайын қарады. Осы тақырыпта баяндама жасаған Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Артем Әбілдинов елорда еңбек нарығындағы ахуал туралы ақпарат берді.

post-424555-0-40183300-1356625729_thumb

Ағымдағы жылдың үшінші тоқса­нындағы мәліметтер бойынша қаладағы жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрайды. Бұл – жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейі ретінде республика бойынша оң нәтиже.
2016 жылдың 1 желтоқсанына дейін Жұмыспен қамту орталығына 12 912 азамат өтінішпен келсе, оның ішінде 10 193 адамға жұмыссыздықтан қорғаудың әлеуметтік шаралары көрсетілген. Атап айтқанда, 5 985–і тұрақты жұмысқа орналасса, 2 137 адам қоғамдық жұмыстарға тартылған, 661 оқу орындарының түлектері жастар тәжірибесінен өткен. Әлеуметтік жұмыс орындарына 121 адамды қамтып, 590 адам инфрақұрылымдық жобаларға қамтылған. Баяндамашы 2020 жылға дейін жұмыссыздық деңгейін 4,5 пайызға төмендету көзделіп отырғанын айтты.
Бұл мақсатта мемлекеттік бағ­дар­­ламаларға қатысумен қатар тұрғын­дармен ақпараттық жұмыстарды қатар жүргізудің маңыздылығына тоқталды.
Жыл басынан бері бұқаралық ақ­па­рат құралдарымен тығыз жұмыс жүргізілген. Ақпараттық-түсіндірме жұмыстары әлеуметтік желілерден де тұрақты беріліп отыр.
Биыл өткізілген 12 бос орындар жәрмеңкесінде жастар мен әйелдердің және мүмкіндігі шектеулі жандардың да жұмыс табуына мүмкіндіктер жасалды.
Жұмыспен қамту орталығының 5 өкілдігі «Астаналық» базарда, «Гүлжан», «Рахмет-2», «Аружан» және «Астықжан» сауда үйлерінде орна­ласқан. Сонымен қатар, қаладағы үш мешітте апта сайын орталықтың маман­дары көпшілікпен сұхбаттасып, жұмысқа орналасу бойынша кеңестер беруді дәстүрге айналдырған. Бұдан да өзге, жұмыссыздыққа қарсы шаралар ұйымдастырылып, бұл мәселені шешуде тұрғындардың белсенділігі артып келеді.
Баяндамашының есебінен кейін мәслихат депутаттары жұмыссыздықты төмендету шараларына қатысты сұрақ­тарына жауап алды, сонымен бірге, бұл саладағы жұмысты жандандыру мақсатында өз ұсыныстарын айтты.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button