#Жаңа Қазақстан

Жұмыссыздықтың алдын алу – басты міндет

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына партия тізімі бойынша кандидат Мақсұт Насибулов Астана қаласының жұмыссыз азаматтарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында жұмыспен қамту, сонымен бірге азаматтарымыздың несиеге белшеден бату мәселелері көтерілді. Мақсұт Насибулов өз сөзінде қарапайым азаматтардың қызығушылықтарын қорғау бойынша Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының қызметінің негізгі бағыттарын атап өтті.

Кандидатпен кездескен азаматтар күні бойы қара жұмыс істеп жанталасқанымен, тапқандары шайлығынан аспайтынын айтып, соның кесірінен қарызға батқан, кредитке байланған азаматтардың күн сайын көбейіп бара жатқанын жеткізді. «Мемлекет жұмыссыз, кірісі төмен азаматтардың тұрмысына көңіл бөліп, азаматтарды жұмыспен қамту ісіне барынша назар аудару керек. Жаңадан сайланатын депутаттар біздің осы жанайқайымызға құлақ асса» дейді кандидатпен кездесушілер.

Елімізде жұмыссыздық мәселесі жыл сайын ұлғайып келеді. Өкінішке қарай, қазір елімізде екі қолға бір күрек таба алмай жүрген азаматтарымыз көп. Статистика да көңіл көншітпейді. 12 айдың ішінде ҚР-да несиесі бар азаматтардың саны 962 мың адамға артқан. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, Қазақстан азаматтарының 15 пайызы – кедей. Оның үстіне бұл азаматтардың қатары күн санап көбейіп барады.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы өкілдері билік белгілеген 100 доллардан сәл ғана асатын төменгі күнкөріс деңгейі азаматтарымыздың нақты қажеттілігін өтемейді, сол себепті бұдан былай әлеуметтік саясаттың негізі бола алмайды деп санайды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button