Жаңалықтар

Жұмысты жандандыруды тапсырды

Премьер-министр Асқар Мамин Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдар басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағаларын реттеу мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Қазіргі жағдай мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин баяндады.
Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 9,6 пайызға өсті. Өткен аптада бағаның 0,1 пайыздық тармаққа төмендегені байқалды. Павлодар, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тауарлардың азық-түлік тобының жалпы инфляцияға үлесін азайтты. Сонымен қатар ең көп өсім Батыс Қазақстан (0,3 п.т.) және Солтүстік Қазақстан (0,2 п.т.) облыстарында тіркелді. Тауар өндірушілерден сауда желілеріне және тұрақтандыру қорына тауарлардың ағынын қамтамасыз ету мақсатында Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын онлайн-өткізуді және сатып алуды қамтамасыз ететін B2B платформасын енгізді. Аталған платформа тауар өндірушілер мен әлеуметтік-кәсіпкерлік
корпорациялар арасында нарықтық ережелер бойынша онлайн-сауда-саттық жасауға мүмкіндік береді. Биржалық сауда қағидаты енгізілген, қатысушылар баға, сапа, жөнелту
және жеткізу мерзімдері, төлем шарттары туралы келісе алады.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны төмендету туралы 68 хабарлама, монополияға қарсы заңнама бұзушылықтарын жою туралы 20 ұйғарым шығарды, 8 тергеу тағайындады, монополияға қарсы комплаенстің 88 актісін жасады. Нұр-Сұлтан қаласында, Қостанай, Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында ӘМАТ-қа шекті сауда үстемесін асырған 35 сауда субъектісі жауапкершілікке тартылды. Алматы қаласының, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне ӘМАТ-қа сауда үстемесін арттыру фактілеріне жедел ден қою шараларын қабылдау қажет екені
атап өтілді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button