ИмантаразыРуханият

ЖҮРЕК СӨЗІ

Біле білсек, мұсылман баласы үшін қасиетті Қағбаны айналып, қажылық парызды өтеу – асыл арман, берекелі белес, мәртебелі мақсат десе болғандай. Осындай мейірім толы сапарға шығып, жан-жүрегін иманға бөлеп келген Оспан Сүлейменұлының «Ұлық сапар әсерлері немесе риясыз құлшылық» атты кітабы қолыма тигенде қажылық парыздың қаншалықты ұлы құлшылық екенін ұқ­қандай болдым.

китааап

«Тәпсінің асыл тасындай,
Жүректен шыққан жырларым.
Бесінші үлкен парызың,
Ұғарсың оқып сырларын» деп басталған имандылық дастаны қажылық сапардың құдіретін қара өлеңмен өріп көрсеткенімен, қастерлі болып көрінді. Оқып отырғанда жан-жүрегіңе имандылықтың шапағаты ұялап жатқандай сезінесің. Оспан Сүлейменұлы имандылықты ту көтерген дастаны арқылы адам­гершіліктің ең асыл қасиеттерін уағыздап, адам баласының бір-біріне деген мейірімділігі мен қайы­рымдылығы жайында жырлайды. Әлеуметті сауапты іске үндейді.
Кітаптың екінші бөлімінде автор әр кезеңде қажылық сапарға барған замандастарын ардақтап, олардың риясыз құлшылық жасау кезіндегі суреттерін бедерлеп көрсеткен. Онысымен қажылық парызды өтеудің қаншалықты мәр­тебелі, қасиетті, сауапты іс екенін аңғартады.
Түптеп айтқанда, бүкіл саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған, музыка пәнінің мұғалімі болған Оспан қажы Сүлейменұлының ұлық сапардың құдіреті жайлы жаз­ған имандылық дастаны көпші­ліктің көкейіне қонатын, жүрегіне жол табатын шырайлы шығарма болғанын айтқымыз келеді. Ұлағатты ұстаздың, ардақты азаматтың, өнегелі өнер­паздың игілігі жас ұрпаққа жұғысты болғай демекпіз.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button