Жаңалықтар

Жүректерді жылытқан «Жұлдызай»

fb208c77049560d5f6ac08bfbbef459c

Жуырда елордада мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығын дамытуға арналған Х республикалық «Жұлдызай» фестивалі өтті. 

Биыл дәстүрлі түрде өз арнасын тапқан айтулы шараға он жыл толып отыр. Сондықтан, атаулы мерейтойға орай өткен шығармашылық байқауға еліміздің әр түкпірінен 2000-ға жуық өреннен іріктелген 300-ге жуық жас таланттар қатысты. Олар алты номинация бойынша өз өнерлерін сарапқа салды. Он алты өңірден келген жеткіншектер мүмкіндігі келгенше намысты қолдан бермеуге тырысты. Әсіресе, Батыс Қазақстан облысынан келген жас дарындардың аяқ алыстары ширақ. Оларға көрермендердің ықыласы жоғары болды.
– Біз осымен оныншы мәрте өтіп отырған байқауға жетінші рет қатысып тұрмыз. Әр келген сайын қанжығамыз бос қайтқан жоқ. Осы жолы да би және сурет аталымдары бойынша жүлдеден дәмеліміз. Әсіресе, «Аягөз» бишілер тобы мен бірнеше халықаралық байқаулардың жеңімпазы, жас суретші Нұржан Жұмажанов жеңеді деген сеніміміз мол. Тағ­дыр­дың басқа салған тауқы­метін тартып жүрген жандарға шығармашылық қолдау көрсетіп, жүректерінде үміт отын жағып, жабырқап жүрген көңілдеріне көркем күй сыйлаған ұйым­дас­ты­рушыларға алғысымыз шексіз. Байқаудың жалғаса бергенін қалаймын, – дейді Батыс Қазақстан облысының жас дарындарын бастап келген жетекшісі Нұргүл Мәжитова.
Сонымен, бабы мен бағы келісіп, алты айналымнан суы­рылып шыққан жүйріктерді
1 маусым – Балаларды қорғау күні мерекесіне орай өтетін гала-концертте марапаттап, бағалы сыйлықтарды табыс етпек. Және «Қазақстан» ор­талық концерт залында
өтетін айтулы шарада же­ңім­паз жас дарындар отандық өнер­паздардан бөлек Ресей­дің танымал әншісі Диана Гурцкаямен бірге өнер көрсетуге мүмкіндік алады.

Фархат ҚАНАЛЫ,
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
1-курс студенті

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button