Әлеумет

Жүргізушіге қолайлы

Әлия Бейсенова,
газет оқырманы:
– Жуырда менің автокөлік жүр­гізу­шісі куәлігімнің қолданылу мерзімі аяқталатын еді. Жаңадан куәлік алу үшін медициналық байқаудан міндетті түрде өтемін бе?
Оқырман сауалына орай ІІМ Әкім­шілік полиция комитеті жариялаған мынадай ақпаратты ұсынамыз:


2018 жылғы 26 мамырдан бастап жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін оны ауыс­тыру кезінде медициналық комиссиядан өту талабы жойылады. Сонымен қатар, егер жүргізуші куәлігі алғаш рет берілсе, қосымша санаттар ашылса және куәліктің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ауыс­тыратын кезде медициналық анықтаманы міндетті түрде ұсыну қажет.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button