Жаңалықтар

Жүргізушіні жұмысынан неге шеттетті?

«Astana LRT» компаниясы нөсер кезінде көшеге жиналып қалған терең судан қоғамдық көлікпен өткен жүргізушіні жұмыстан шеттету себебін түсіндірді.

Мамандардың айтуынша, нөсер жауған күні Астанадағы Момышұлы даңғылы мен Тоқпанов, Сарайшық көшелеріндегі және басқа да бірқатар автобус бағдарлары өзгертілген. Ол туралы жүргізушілер құрамына да шұғыл хабар берілген.
«20 тамыз күні қолайсыз ауа райы кезінде қалалық билік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бірқатар шаралар қолданды. Алайда барлық тұрғындар бұл ережені ұстанған жоқ. Осыған орай «Астана LRT» компаниясы су басқан көшемен жүріп, автобус салонын суға толтырған қоғамдық көлік жүргізушісін жұмыстан шеттетті. Жүргізу­шінің бұл әрекеті жолаушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіріп, автобустың бүлінуіне әкеп соғар еді. Рөлге отырған әр жүргізуші жолаушылардың қауіпсіздігіне жауапты. Мәселен, жауын-шашын кезінде жолды көру мүмкіндігі нашарлайды. Оның үстіне, көлшік судың астында шұңқырлар болуы мүмкін. Бұл жағдайда жүргізуші тасымалдау мен қауіпсіздік ережелеріне, полиция нұсқауына қарамастан жолаушылардың өмірін қатерге тігіп, қолайсыздық туғызды. Бейнежазбаларға қарап, жүргізуші әрекетіне жолаушылардың наразы болғанын, тіпті қорыққанын көруге болады» дейді мамандар.
Жүргізуші көлік тізгінінен уақытша шеттетілгенмен, әзірге жұмыстан босатылған жоқ. Қазіргі уақытта қызметтік тексеру жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта соның нәтижесіне қарай нақты шешім қабылданбақ.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button