Жаңалықтар

«Журналистің жұлдызды сәттері» жарық көрді

Сүйінші дана
Нәзира Байырбектің «Журналистің жұлдызды сәттері» атты жаңа кітабы жарық көрді. Жинаққа қаламгердің соңғы жылдары жазған эссе-мақалалары топтастырылған. Кітап «Санадағы сағыныш», «Фариза-тау», «Көңілден кетпейтін күз», «Жоқ іздеген жазушы», «Кемел тұлғамен кездесу», «Шерлі әңгіме», тағы басқа тақырыптарға бөлінген. Осы жазбалары арқылы автор белгілі тұлғалар болмысының нәзік қырларын ашуға ұмтылыс танытады. Сонымен бірге, алдыңғы толқын ағаларына шәкірттік сезіммен қарай отырып, өзінің де ерекше ықыласқа бөленгенін баяндайды. Бұған дейін «Журналистің жұлдызды сәті» айдарымен «Астана ақшамы» газетінде жарияланған аталмыш жазбалар оқырман ықыласына бөленген.
Жинақ 2000 дана таралыммен «Алаш жолы» баспасынан жарық көріп отыр. Нәзира Байырбектің қаламынан туған «Билік биіктік емес» және ҚР Халық әртісі Нұржамал Үсенбаеваның өмірі мен өнерінен сыр шерткен «Нұржамал» атты авторлық кітаптары халықтың жоғары бағасына ие болған. Әріптесімізге қаламың мұқалмасын дейміз!

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button