Әлеумет

ЖҰРТҚА ЖӘРДЕМДЕСІП, АЛҒЫС АЛДЫ

Астана қаласы әкімдігінің Жұ­мыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №4 бөлімше қызметіне алғыс айтушылар аз емес. Бөлім­ше І және ІІ топтағы мүгедектерге, егде жастағы қарияларға әлеу­мет­тік көмек көрсетумен айналысады.

Бүгінде мұнда 8 қызметкер 63 адамға күтім жасайды. Жәрдемдесудің бұл түрі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сай жүргізіледі. Тамақ жасап, ыдыс жуып, үй жинау секілді тұрмыстық шаруаларды денсаулығы көтермейтіндіктен, әлеуметтік қызмет түрін пайдаланушы қартаң тартқан ата-әжелер бұл игі істі қуана қабылдайды.
Осы салада бірнеше жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан Гүлбаршын Шуханова жақында Ольга Дмухайлоның үй шаруасына қолғабыс етті. Түскі ас кезінде ыстық тамағын дайындап, шайын берді. Бөлмелердің тазалығын ретке келтірді. Онымен қоймай, әжені әңгімеге тартып, рухани демеу болды. Оның қамқорлығы мен көмегіне Ольга әжей дән риза болып отыр.
Ал, 2014 жылдан бері әлеуметтік көмекке зәру Евгения Овсееваның жеңілдікпен алатын дәрі-дәрмегін қызметкерлер дәріханадан уақытында жеткізіп береді.
Мұндай жағымды мысалдар жетерлік. Мәселен, өткен аптада №4 бөлімшенің қызметкері Әсем Шаяхметова Ұлы Отан соғысы қатысушыларымен теңестірілген Антон Савицкийді №2 емхананың сурдолог дәрігері қабылдауына тіркетіп, басқа да қажетті медициналық тексеруден өткізді.

Мәдина ЖАҚЫП

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button