Құқық

«Жусан» жуасытады

«Жусан» операциясы бойынша жалпы 607 қазақстандық азамат елге қайтарылып, 59 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылса, 77 әйел радикалды идеологиядан бас тартқан.

[smartslider3 slider=575]

«Жусан» операциясының тәжірибесіне бірқатар ел қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы терроризмге қарсы құрылымдық штаб орталығының жетекшісі Жанарбек Жаңабаев Kazakhstan Security System аясында өткен республикалық конференция барысында айтты.
– Сириядағы ДАИШ құрамындағы қазақстандық азаматтарды елге қайтару бойынша «Жусан» әлеуметтік операциясы жүзеге асырылды. Операция алдында дайындық жұмыс­тары жүргізілді. Арнайы топ Сирияға барып, оңалту бағдарламасын әзірледі. Жалпы қайтарылған 607 қазақстандық азаматтың ішінде 157 әйел мен 37 ер адам, 413 кәмелетке толмаған, 34 жетім бала бар, – деді Ж.Жаңабаев.
Ол атағандай, 59 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Осылайша терроризм үшін жазадан жалтармау ұстанымы жүзеге асырылды. Бейімделу мен оңалтудың кешенді шаралары 88 әйелді дәстүрлі исламға оралуға немесе қалыпты өмірге бейімдеуге мүмкіндік берді. «Қазір біздің тәжірибені бірқатар ел өз азаматтарын елге қайтару бойынша қолдануға қызығушылық танытып отыр» деді Ж.Жаңабаев.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button