ДенсаулықЖаңалықтар

ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК ЖҮЗ ДӘРІГЕР

Ақ халатты абзал жандардың төл мерекесіне орай Астанада салтанатты шара өтіп, 100 медицина қызметкері елордадағы денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін марапатталды.

врачи2

Мерекелік шара барысында Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев бас шаһардағы денсаулық сақтау саласының қарқынды дамып отырғанын айтып, дәрігерлердің елеулі еңбегіне алғысын білдірді.

Медицина қызметкерлеріне «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі, сондай-ақ, Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков пен Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерік Байжүнісовтің атынан құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды.

врачи1

Дәрігерлер биыл алғаш рет бес номинация бойынша марапатталды. Жиналған көпшілік сахнаға көтерілген әрбір дәрігердің қызметі жайлы бейнероликтерді тамашалады.

врачи3

«Мамандығына адалдығы үшін» аталымы бойынша – Ольга Замолотова, «Бірегей операция өткізіп, адам өмірін құтқарғаны үшін» №2 қалалық аурухана дәрігерлерінің командасы: Марат Жақсылықов, Баймаханбет Садуов, Болатхан Лепесбаев,  «Жаңа өмір сыйлағаны үшін» №1 Перинаталды орталығы жаңа туған сәбилерді күту және патологиялар бөлімінің меңгерушісі Ирина Цубенко марапатталды. Сонымен бірге, «Диагностикалау мен емдеудің жаңа әдісін ойлап тапқаны үшін», «Мамандығына адалдығы үшін – отбасылық әулеттер» номинациялары да тапсырылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button