Қоғам

Журналистер журнал шығарды

Қазіргі ақпараттық технология қарыштап дамыған дәуірде балаларды оқу-білімге, өмірде өз жолын табуына жетелейтін әдеби оқулықтар мен кітаптар жазу — екінің бірінің қолынан келе бермейтін қиын да жауапты іс. Осы істі қолға алған журналист әріптестеріміз — АҚШ-та ғылым жолында жүрген Назира Байырбек пен «Астана ақшамы» газетінің тілшісі Гүлмира Аймағанбеттің бастамасымен «Менің армандарым» атты жаңа журнал жарық көрді.

АҚШ-тағы Kazunite компаниясының Қазақстанға арнаған “Тұлға инженериясы” жобасы алғашқы өнімін балаларға арнап, “Менің армандарым” атты-күнделік журналын шығарды. Журнал балалардың өзі, өмір және болашақ жайлы танымын кеңейтетін қызық, шабыттандыратын хикаялардан, ақыл-ойды дамытуға түрткі болатын қанатты сөздер мен мәліметтерден, сонымен қатар бала санасын өсіретін жаттығу-тапсырмалардан тұрады.

— Күн сайын технология тоқтаусыз дамып, өмір сүру салтымыз өзгеріп жатқан бүгінгі заманда бала тәрбиесімен айналысу оңай шаруа емес. Балаңмен қосылып күн сайын бірге дамып, бірге үйреніп отыруыңа тура келеді. Осы орайда 6-12 жас аралығындағы балаңыздың журналды оқып аяқтағанда бір саты өсіп, биіктегенін байқайсыз.  Кітаптың алғашқы бетінен бастап баланы үлкен болашаққа, армандарға жетелейтін құнды дүниелер жазылған, қазірдің өзінде оны сатып алып, балаларымен бірге тапсырмаларын орындап жатқан ата-аналар алғысын білдіруде, — дейді журналист Г. Аймағанбет.

Ең маңызды айта кететін нәрсе – журнал авторларының екеуі де қазақ елінің демографиясына үлкен үлес қосып жүрген көп балалы батыр аналар. Әзірге 3000 данамен жарық көрген журналдың бағасы – 5500 теңге.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button