Жаңалықтар

Жыл басынан бері Астанадағы табиғи монополия нысандарына қатысты 40 тексеру жүргізілді

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті мамандары ашық есік күнін өткізді.

123

Шара барысында мекеме қызметкерлері келушілерге осы жылдың жарты жылдық есебін беріп, атқарылған жұмыстар мен болашақ жоспарларымен бөлісті.

Жыл басынан бері Астана қалалық департаменті тарапынан табиғи монополия нысандарына қатысты 40 тексеру жүргізілген. Оның 36-сы жоспарлы тексеру болса, қалған 4-еуі жоспардан тыс тексеру. Тексерулердің қорытындысы бойынша, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзу деректеріне қатысты 8 факті анықталған. Барлық заң бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қолданылды. Анықталған заңсыздықтарды жою жөнінде 101 нұсқама берілді.

Соңғы уақыттары бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуына байланысты тергеу-тексеру жұмыстары арта түскен. Тек өткен 6 айдың өзінде ғана келіп түскен жеке тұлғалардың өтініштері бойынша департамент тарапынан 19 нысанға қатысты жаңадан 10 тексеру тағайындалған. Бүгінге дейін бұл тексерулердің 10-ы толықтай аяқталып, нәтижесінде 8 іс бойынша нақты шаралар қабылданып ел қазынасына 19 млн теңге көлемінде кіріс түскен.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button