Ел тынысы

Жыл басынан бері Астананың татуласу орталығына 1800-ге жуық өтініш түскен

Орталыққа 2019 жылдан бастап 2023 жылға дейін барлығы 30 000-нан астам өтініш келіп түскен. 14 000-нан астам өтініш медиация тәртібімен реттелген. 2024 жылдың 2 айында өтініштер саны артқан. Жыл басынан бастап 1800-ге жуық өтініш келіп түссе, соның 1000-нан астамы бітімгершілік рәсімімен шешімін тапқан. Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметінде Астана қаласы келісім орталығының қызметі туралы татуласу орталығының үйлестірушісі Лейла Зинашева мен татуласу орталығының медиаторы Шолпан  Шалгазинаның қатысуымен өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.         

Бүгінгі таңда сотта және сотқа дейін бітімгершілік рәсімдері сұранысқа ие. Өйткені олардың көмегімен азаматтар дауды бітімгерлік рәсімімен шешіп, өздерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғай алады.      Заңда татуласу рәсімдерінің үш түрі белгіленген: бітімгершілік келісім, медиация тәртібімен дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім, партисипативтік рәсім тәртібімен дауды реттеу туралы келісім. Сотта және соттан тыс татуласуды дамыту тұжырымдамасы бар. Соттан тыс Тұжырымдаманың дамуы дауларды сотқа жүгінбей шешуге бағытталған. Елорда тұрғындары психологтың кеңесін алу үшін татуласу орталығына жүгінеді. Келісімді тегін негізде жасай отырып, дауды медиация тәртібімен реттей алады. Соттағы тұжырымдаманың ерекшелігі – медиатордың сот ісін жүргізудегі істер бойынша ақысыз негізде қызмет көрсетуі.

2023 жылдың 12 айындағы статистикалық деректер келіп түскен өтініштердің жоғары өсімін көрсеткен. Айта кету керек, өткен жылы 2953 өтініш бойынша азаматтардың коллекторлық компаниялар, микроқаржы ұйымдары алдындағы қарыздары бойынша медиативтік келісім жасалынған. Отбасылық даулар бойынша 3338 келісім жасалынған, сондай-ақ өткен жылы тұжырымдама бойынша сотта 740 ерлі-зайыптылар татуласқан. 374 азаматқа психологтың тегін көмегі көрсетілген.

Татуласу орталығында отбасылық даулар бойынша мүлікті бөлу, кәмелетке толмаған балаларды, еңбекке жарамсыз ата-аналарды, балалар мен ерлі-зайыптыларды бағып-күту, балалармен қарым-қатынас жасау тәртібі туралы даулар, сондай-ақ балалардың тұрғылықты жерін анықтау бойынша даулар, атқарушылық өндіріс шеңберінде сот шешімін орындау, банктік қарыздарды, онлайн қарыздарды төлеу жөніндегі даулар, сақтандыру даулары, ескіру мерзімі өткен жеке қолхат жөніндегі даулар қарастырылады.  Көбінесе  шарттық міндеттемелер бойынша мәселелер, зиянды өтеу бойынша даулар, тұтынушылық даулар, еңбек даулары, жұмыстағы жанжалдар, ЖКО бойынша даулар, ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстарға қатысты мәселелер қарастырылады. Сондай-ақ барлық санаттағы қылмыстар бойынша қылмыстық іс аясында азаматтық талаптармен жүгінеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button