Жаңалықтар

Жыл бойы өтетін жәрмеңке

Тәуелсіздік күні «Пригородный» елді мекенінде жыл бойы жұмыс істейтін алғашқы ауылшаруашылық жәрмеңкесі ашылды.

[smartslider3 slider=1497]

Ауданы 7 мың шаршы метр болатын жылы орында елорданың, сондай-ақ өзге өңір тауар өндірушілерінің өнімдері ұсынылады. Азық-түлік нарық құнынан төмен бағамен қо­йылады. Демалыс күндері таңғы сағат 8-ден кешкі сағат 5-ке дейін жұрт жәрмеңкеде Ақмола, Павлодар, ­Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары тауар өндірушілерінің, сондай-ақ елордалық тауар өндірушілердің өнімдерін сатып ала алады. «Барлығы жақсы ұйымдастырылған, базар іші жылы әрі жайлы, келушілер көп. Азық-түлік бағасы да арзан. Енді осында жиі келіп тұрамыз» деп атап өтті елорда тұрғыны Нұржамал Тұранова.

Мұнда сиыр еті – 2000, жылқы еті – 2200, қазы, жая 2500 теңгеден сатылады. «Біз көкөніс өсіреміз. Жәрмеңке туралы естіген бетте бірден өтініш бердік, енді өз өнімдерімізді осында шығарып отырамыз. Бізде көкөністің 18 түрі бар, бәрі жаңа піскен және бағалары да қолайлы» деді Рүстем есімді сатушы.

Айта кетейік, жәрмеңкеде азық-түлік өнімдерінің барлық түрі – сүт, бакалея, шұжық, ұн, жаңа ауланған балық және т. б. сатылады. Жәрмеңке санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі. Келушілер бетперде тағуы, қол гигиенасын, әлеуметтік қашықтықты сақтауы керек. Жәрмеңке апта сайын әр сенбі және жексенбі күндері «Пригородный» елді мекені, Арнасай көшесі, 109-ғимарат мекенжайында өтеді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button