Денсаулық

Жыл сайын 40 мың қазақстандық қатерлі ісікке шалдығады

Қазақстанда обырмен ауыратын науқастар саны үздіксіз артып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне жүгінсек, 2024 жылы 41 318 адамнан қатерлі ісік анықталып, тізімде тұрғандар саны 230 мыңнан асып кеткен, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ал 2023 жылы 41 519 жағдай тіркелген, ол кезде тізімде 218 186 адам болған. Яғни, 1 жылда қатерлі ісікпен ауыратындар 5,9 пайызға өсіп отыр.

Былтыр дерт анықталған 41 318 адамның 5652-нен сүт безі обыры анықталған, ең көп кездесетін түрі де – сол. Екінші орында колоректалды обыр тұр, 4 029 адам шалдыққан. Үшінші орында өкпе обыры – 3 833 науқас. Келесі кезекте асқазан обыры (2907) мен жатыр мойны обыры (1921).

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button