ЖаңалықтарҚала тіршілігі

ЖЫЛ СОҢЫНДА БЕС ҮЙ

141984541b27f9825894dede52d

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі бүгінде өзекті болып қалуда. Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» тақырыбындағы Жолдауы аясында Үкіметтің алдына қойған басты міндет – халыққа қолжетімді баспана салу.

Президент тұрғындарға сатып алу құқын бере отырып, ұзақ мерзімді жалға ұсы­на­тын тұрғын үй салуды ұсынды. Баспананы тікелей, делдалдарсыз және несиеге барынша төмен пайызбен ұсыну оның сатып алу құнын арзандатуға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде Астанада «Қолжетімді баспана – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Құрылыс басқармасының мәліметінше, нақ осы бағдарлама аясында жалпы ауданы 130 мың шаршы метр 2 671 пәтерлік сегіз тұрғын үй салынып жатыр.

Соның ішінде 1 574 пәтерлік бес тұр­ғын үй кешенін пайдалануға беру жос­парланған.

Бұдан басқа, 1135 пәтерлік 8 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Оларды  2015-2016 жылдары пайдалануға беру жоспарланған.

Жалпы, бағдарламаны іске асыру аясында Астанада жалпы ауданы 84,06 мың шаршы метр 1 581 пәтерлік жеті тұрғын үй тапсырылды. 2015 жылы жалпы ауданы 108,4 мың шаршы метр 1 937 пәтерлік 10 тұрғын үйді салу жалғасады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button