Елорда тынысы

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына конкурс жарияланды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына конкурс жарияланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz

Конкурс волонтерлік қозғалысты дамыту мен қолдауға, сондай-ақ әлеуметке және қоғамға пайдалы міндеттерді шешуге елеулі үлес қосқан отандық және халықаралық волонтерлер мен волонтерлік топтарды, волонтерлік ұйымдарды ынталандыруға бағытталған.

Сыйлық адамдарға көмек көрсету, қоршаған ортаны қорғау, білім беру мен мәдениетті дамыту, төтенше жағдайлардың дер кезінде шешімін табу және қоғамдық өмірдің басқа салаларында да жүйелі қызмет атқарған волонтерлер қауымдастығының ең белсенді өкілдерін анықтауға арналған. Сыйлық 15 номинация бойынша тағайындалады.

2024 жылғы 25 шілде мен 5 қыркүйек аралығында «Qazvolunteer.kz» сайтында құжаттарды қабылданады. «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындау қағидаларымен және қажетті құжаттар тізімімен «Qazvolunteer.kz» немесе www.adilet.kz (ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 339 және 2022 жылғы 2 қарашадағы № 481 бұйрықтары) сайттарынан танысуға болады. Сілтеме: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021420

Қатысу ережелері мен құжаттарды тапсыру тәртібі туралы толық ақпаратты +7 (7172) 741286, 740311 байланыс нөмірлері немесе r.krasnoschekov@mki.gov.kz электрондық поштасы арқылы алуға болады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button