Жаңалықтар

«ЖЫЛҚЫ ЖЫЛЫ» ЕСТЕЛІК МОНЕТАСЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҚТЫ

2Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі алдағы жылқы жылына орай номиналы 500 теңгелік алтын және күміс ескерткіш монеталарын айналымға шығарды.

«Шығыс күнтізбесі» топтамасымен шығарылған  монеталар 12 қырлы, бет жағында жұлдыздар шоғы­рының мифологиялық сим­волдары бейнеленген және құрамы мен салмағы көр­сетілген. Ал сырт жағында 2014 жылдың символы – жылқы бейнеленген және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі таңбаланған. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, үстінде «2014» деген жазуы бар қаусырма орналасқан.

31,1 грамм күмістен құ­йылған тиын 5 мың данамен таралса, 7,78 грамдық алтын монета 3 мың данамен шығып отыр.

«Proof» сапасына сай ескерткіш монеталар кол­лекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәде­сыйлық ораумен шыға­рылады және Қазақстан Рес­публикасы Ұлттық банкі­нің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нө­мір­лік сапа сертификатымен қоса бекіледі.

Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі­нің барлық филиалдарында сатып алуға болады.

Қымбат Нұрғали

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button