ЖаңалықтарРесмиет

ЖЫЛУ МАУСЫМЫ АЯҚТАЛДЫ

Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласында 2014-2015 жылдардағы жылыту маусымының аяқталуы туралы» 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 09-593 қаулысы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, сондай-ақ Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 249/36-V шешімімен бекітілген Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидасына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Астана қаласында 2014-2015 жылдардағы жылыту маусымы 2015 жылғы 22 сәуірден бастап аяқталсын.
  2. «Астана қаласының Энергетика басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
  3. «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны қабылдаған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ.Қ. Айтмұхаметовке жүктелсін.

 

 

                           Әкім                                                                                          Ә. Жақсыбеков

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button