ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Жылу құбырлары қайта жөнделеді

Инвестициялық бағдарламалар бойынша жылу беру құбырларын жаңартуға 1 млрд 333 млн теңге бөлінді. Бұл туралы «Астана-Теплотранзит» АҚ басшысы Бағдат Азбаев мәлім етті.

[smartslider3 slider=414]

«Нұр-Сұлтан қаласында 867 жылу беру құбыры бар, оның ішінде 860 су жүретін құбыр және тағы басқалары. Орталық учаскеге келетін болсақ, бізде 270 шақырым магистраль бар. Шығындар, оқшаулау, жоспарлы технология бойынша жылу беру құбырының ұзындығы – 614 шақырым. Егер құбырлардың орташа тозу деңгейін ескеретін болсақ, 2020 жылға қарай көрсеткіш 56 пайызды құрады. 2021 жылы инвестициялық бағдарламалар бойынша 1 млрд 498 млн теңге бөлінді. Оның ішінде жылу құбырларын қайта құруға – 1 млрд 333 млн теңге» деп түсіндірді Бағдат Азбаев.
Басқарма төрағасының орынбасары Ержан Құматаев жоспар бойынша ең алдымен Күйші Дина көшесіндегі жылу құбыры нысаны қайта жөндеуден өткенін айтты. Бүгінгі таңда жұмыстың 90 пайыздан астамы аяқталды. Қазір кесінділер бөлігінде, сондай-ақ абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Пайдалану бөлігінде сенімділік артты. Сондай-ақ құбыр жүйесі жедел қашықтан бақылау жүйесімен (ЖҚБ) жабдықталған төтенше жағдайларды, дымқыл оқшаулау беттерін анықтау үшін қажет.
Келесі учаске – «Ақбұлақ» шағын ауданындағы «Газовик» жылу трассасын қайта жаңарту. «Қайта жөндеу жұмысы үш үйді қамтиды. Жолдың қашықтығы – 1778 метр. Жұмыстың 80 пайызы аяқталды. Құбырды қайта құрудағы екінші кезең бойынша жұмыс жалғасуда. Сонымен қатар абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл учаске апатты болды. Құбырларды 15-10 жыл бұрын ПИК салған. Бір жыл бұрын үлкен апат болғандықтан, бұзылған желілердің сапасы өте нашар. Қазір жұмыс сәтті аяқталуда» деді Ержан Құматаев.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button