Қала тіршілігі

Жылусыз қалдырғандар жұмыстан кетті

Елорданың энергетикалық кешенін жақсарту мақсатында жыл сайын осы салаға 30-40 млрд теңге бағытталады. Есесіне жылыту маусымы бірқалыпты өтеді.

Деректерге сүйенсек, өткен жылы 18,8 шақырым жылу желісі қайта жөнделіп, 16,4 ша­қырым жаңадан салынды. Нә­тижесінде «Южная Саранда» ке­шенінің тұрғындары, ҚазМЗУ университеті, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы және де сол жағалаудағы тұтынушылар орталық жылумен қамтылды.
«Өткен жылы Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін, жаңа теміржол вокзалын, «Мыңжылдық», «Батығай» ауданы мен әлеуметтік жағынан маңызды нысандарды электр жарығымен қамтамасыз еткен «Тұран», «Жаңажол», «Бәйтерек», «ИКИ», «Промзона» шағын стансалардың құрылыс жұмыстары мен қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Апатты жағдайлардың санын азайту мақсатында желілердің 100 шақырымы салынып, 81 бөлу пункті қайта қалпына келтірілді. Биыл 10 трансформаторлы шағын стансаны қалпына келтіру жоспарлануда. Сондай-ақ, «Мыңжылдық» аллеясы ауданында 6 жа­ңа тарату пунктінің құрылыс жұмыстары басталатын болады» деді Әсет Исекешев. Белгілі болғандай, «Қазбек» шағын стансасының құрылысы жалғасса, «Жұлдыз» шағын стансасын қайта қалпына келтіру жұмыстары басталмақ. Аталмыш нысандар «Теміржолшылар» және «Мыңжылдық» аллеясы тұрғын үй алаптарын электр жарығымен қамтамасыз ету үшін керек.
Сондай-ақ, өткен жылы электр қуатымен қамтамасыз ету қызметінде апатты түрде ажыратудың 956 оқиғасы тіркелген. Олардың 166-сы «Астана-АЭК» АҚ желісі бойынша орын алса, 790 оқиға жеке құрылыс компанияларының кесірінен болған. Қала басшысы әр оқиға егжей-тегжейлі тексеріліп, бірқатар лауазымды тұлғалар қызметінен босатылғанын мәлімдеді.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button