Ел тынысы

Жылыту маусымы басталғалы Астанадағы тұрғын үйлерде 139 өрт тіркелген

Жылыту маусымы басталғаннан бері Астана қаласы аумағындағы тұрғын үй секторында 139  өрт тіркелген. Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметінде Жылыту маусымындағы және сауда объектілеріндегі өрт қауіпсіздігі туралы өткен брифингте Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы  Мадияр Мырзагелдиев айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Өрттің басым көпшілігі қыс айларында болады. Өрт туындауының негізгі себептері: электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу, жылыту жүйелерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу болып табылады. Департамент жергілікті атқарушы органның, еріктілердің, Ішкі істер органдарының өкілдерімен бірлесіп профилактикалық іс-шаралар өткізуде. Іс-шара барасында 3 кезең бойынша жеке тұрғын үй секторын аралаған.

Профилактиканың бірінші кезеңі халықтың әлеуметтік осал топтары арасында өткізілген. Шара барысында өрт қауіпсіздігі бойынша 2135 бұзушылық анықталған. Екінші кезеңде профилактикалық шарамен 4 569 саяжай қамтылған. Жылыту кезеңінде аталған үйлерде 1 өрт орын алған.  Үшінші кезең негізгі тұрғын үйлерде өткізілуде. Бүгінге дейін ауланы аралау бойынша 45 312 тұрғын үй қамтылған.

Сонымен қатар жылыту маусымы кезінде өрттердің, адамдардың өлімі мен жарақаттануының алдын алу мақсатында Департамент жергілікті атқарушы органдар, полиция, еріктілермен бірлесіп «Қауіпсіз жанұя», «10 игі іс», «Жатақхана», «Қауіпсіз жылыту маусымы» атты акцияларын өткізген. Өрт қауіпсіздігі бойынша бейнероликтер армия генералы С.Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде, «Қазақстан Темір Жолы» АҚ бас ғимаратында, Экспо аумағында орналасқан «Нұр Әлем» мұражай көрмесінде жүргізіліп отырады. «Сity Transportation Systems» ЖШС бірлесіп қоғамдық көлікте өрт қауіпсіздігі бойынша видеороликтер көрсетілуде. Сондай-ақ Департамент «Қауіпсіз сауда» республикалық акциясы аясында сауда объектілерінде өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Жақында «Керуен сити» және «Рахмет» сауда үйінде өрт-тактикалық жаттығу ұйымдастырылған. Қалада 3500 сауда объектілері бар.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button