Қоғам
Жылыту маусымына дайындық мониторингі жүйесі іске қосылады

Қазақстанда жылыту маусымына дайындық мониторингі жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
2024 жылы Қазақстанда Энергетика министрлігінің ахуалдық-талдамалық орталығы іске қосылды, ол нақты уақытта энергетикалық объектілер жұмысының көрсеткіштерін қадағалауға және салалық тәуекелдерді талдауға мүмкіндік береді.
«2025 жылы күзгі-қысқы кезеңнің дайындығы мен өтуіне мониторинг жүргізу жүйесі іске қосылады. Сондай-ақ салалық ақпараттық жүйелерге жасанды интеллект элементтерін енгізу және мұнай өнімдері мен сұйытылған мұнай газын бөлу бойынша цифрлық сервисті іске асыру жоспарланып отыр. Бұл саланы басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді және тұтынушыларды энергия ресурстарымен үздіксіз қамтамасыз етуге ықпал етеді», – деді энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.