Елорда тынысы

Жылыжайға жан бітірді

Астаналық ғалымдар біркелкі сәуле шашатын шамдар шығара бастады. Мұндай шамдар бау-бақша үшін тиімді болып отыр. Ғалымның өнертабысына шетелдіктер қызығушылық таныта бастаған. Ол жарықтандыру құралдары арқылы жылыжайдағы көкөністердің өнімділігін арттыра түскен.  

Жылыжайдағы бұл электр үнемдегіш шамдардың жарығы күн сәулесімен пара-пар. Оны жасап шыққан ғалым көк шалғынға біркелкі сәуле беретінін айтады. Жарықтандырғыш табиғи сәуле аз кезде ғана қосылады.

Жоба авторы филаментті шамдарға шетелдік ғалымдар қызығып отыр­ғанын айтады. Себебі өндіріске енгізілген инновациялық жоба, толайым табыс әкеліп отыр. Әрі дәл осы өсімдікке қажетті жарық автоматты түрде реттеледі. «Өткенде жылыжайға Сауд Арабиясынан өкілдер келіп шамдардың ерекшелігін көрді. Бізді елдеріне тәжірибемен бөлісуге шақырып отыр. Филаментті шамдар жанып тұрса, кез келген жылыжайдағы өнімділік ұлғаяды. Мұнда қазір қиярдың 2-3 түрі, қызанақтың 4 түрі өсіріледі. Көкшалғын мен құлпынай өсіре бастадық» деді жоба авторы Аманкелді Таукенов.

Ғалымдардың бұл еңбегі елеусіз қалмады. Мемлекет тарапынан қолдау тауып, ғылымды коммерцияландыру сатысынан сәтті өтті. Жалпы бұл ғана емес, жыл сайын осындай жобаларды жүзеге асыру мақсатында арнайы байқау өтеді. Тыңнан түрен салған ғалымдарға «Ғылым қоры» тарапынан гранттық көмек ұсынылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button