Қала мен Сала

Жылжымайтын мүлікті тіркеудің жөн-жосығы

Жылжымайтын мүлікті тіркеудің жай-жапсары жөнінде Астана қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Ербол Сағын газетімізге берген сұхбатында әңгімелеп берді.

 

– Ербол Убайдоллаұлы, Жылжымайтын мүлік ны­санының жеке меншік иесіне қатысты құқықтық ка­дастр­дың тіркеу ісінде жат­қан құжаттардың көшір­мелері қандай жағдайда беріледі?
– Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылдың 28 сәуіріндегі №246 бұйрығына сәйкес «Тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру» мемлекеттік қызметінің стандарты қабылданды. Стан­дартқа сәйкес, мемлекеттік қызметті әділеттің аумақтық органдары жүргізеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтің көрсетілгені туралы нәтижені беруді Халыққа қызмет көрсету орталықтары жүзеге асырады. Тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерi бір жұмыс күні ішінде беріледі. Мемлекеттік қызметтің көрсетілу формасы: қағаз түрінде. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
– Жеке сот орындаушысына борышкердің жылжитын және жылжымайтын мүлікті иесіздендіру бойынша қандай да бір іс-әрекеттер жасауына тыйым салу туралы қаулы шығаруына соттың санкциясы қажет пе?
– Бұл мәселе бүгінгі таңда өзекті болып тұр. Себебі, биылғы жылдың 1 қаңтарына дейін сот орындаушысы атқа­рушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қолданылатын шараларды сот санкциясымен жүзеге асыратын, яғни жылжитын және жылжымайтын мүлікті иесіздендіру бойынша борышкердің қандай да бір іс-әрекетті жасауына тыйым салу туралы қаулыны санкциялау сотқа тиесілі болатын. Қазақстан Республикасының «Атқарушылық өндіріс және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңының 32-бабының 6-тармағына 29.10.2015 жылғы (01.01.2016 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді) енгізілген өзгерістерге байланысты жылжитын және жылжымайтын мүлікті иесіздендіру бойынша борышкерге қандай да бір іс-әрекет жасауға тыйым салу туралы қаулы санкциялануға жатпайды.
– Мемлекеттік органдар және өзге де уәкілетті тұл­ғалармен жазаға тартылатын ауыртпалықтарды тіркеу қандай мерзімде жүзеге асырылады?
– «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 23-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік органдар және өзге де уәкілетті тұлғалармен жазаға тартылатын ауыртпалықтарды, сондай-ақ заңгерлік талапты тіркеу тіркеуші органға өтініш келіп түскен сәттен бастап тез арада жүзеге асырылуы керек.
– Құқық кадастрында ауыртпалықтың қай түрлері тіркеуге жататынын айтып өтсеңіз?
– «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес қолдану құқығы бір жылдан кем емес, соның ішінде жалға беру, өтеусіз қолдану, сервитуттар, қарай отырып өмір бақи асырау құқығы, сенімгерлік басқармасының құқығы, оның ішінде асырау, қамқоршы болуы барысында, мұрагерлік құқықтық қарым-қатынаста, банкроттық және басқалар, кепіл, тұтқын, қолдануды шектеу (тыйым салу), жылжымайтын мүлікті бақылау немесе белгілі бір жұмыстарды орындау, яғни олардың құзыреттілігінің шегінде мемлекеттік органдар алым салатын және Қа­зақ­стан Республикасының заңдарымен қарастырылған өзге де жылжымайтын мүлікке ауыртпалық құқығы. Бұған басымдық қызығушылықтары жатқызылмайды.
– Егер соттың талапты қамтамасыз ету туралы анық­тамасында жылжымайтын мүлікке ауыртпалық салу туралы көрсетілсе, онда бұл анықтама сот орындаушысына жіберіле ме, әлде тіркеуші органға ма?
– Қазақстан Республикасының 31.10.2015 жылғы Азаматтық процестік кодексінің 158-ба­бының 1-бөлімінің 8-тар­мақшасына сәйкес (01.01.2016 жылдан бастап қолданысқа енгізілген) талапарызды қам­тамасыз ету туралы анықтама, егер онда ауыртпалықты тіркеу үшін жылжымайтын нысанның мекенжайы бар болса, даулы мүлікке ауыртпалықты салу
үшін тіркеуші органға жібе­ріледі, мүлік туралы мәліметтер бол­маған жағдайда талапарызды қамтамасыз ету туралы бұл анықтама сот орындаушысына жіберіледі.
– Заңгерлік талапты тіркеу үшін не нәрсе негізге алынады?
– «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР 26.07.2007 жылғы № 310-III Заңының 53-бабына сәйкес қызығушылық танытқан тұлғалардың өтініштері бо­йынша тіркеуші орган ретінде (әділет органдары) заңгерлік талаптары тіркелуі мүмкін, соның ішінде талапарыз беру факті, шағым түсіру немесе сот актілеріне наразылық білдіру, жер телімін тартып алу туралы шешім, кепілдеме туралы келісім, алдын ала келісімшарт және өзге де фактілер. Қызығушылық танытқан тұлға мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға жеке басын куәландыратын құжатты, оның көшірмесін, сонымен қатар заңгерлік талапты растайтын құжатты ұсы­нады. Заңгерлік талаптардың мемлекеттік тіркеуі есептік болып табылады және жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеуді немесе ауыртпалық құқығын анықтауды тоқтатуға әкеп соқпайды.
– Тіркеуші органда тір­келген құқық белгілеуші құжаттардың дубликатын қай жағдайда алуға болады?
– «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР 26.07.2007 жылғы Заңының 36-бабына сәйкес құқық кадастрында тіркеу жүзеге асырылған жылжымайтын мүлікке құқықбелгілеуші құжаттың түпнұсқасын жо­ғалтып немесе зақымдап алған жағдайда, құқық белгілеуші құжат тіркеуші істе сақталған аталмыш құжаттың дубликатын беру арқылы қайта қалыпқа келтіріледі. Егер тіркеу ісінде электронды құжаттың қағаз түріндегі көшірмесі ғана болса, құқық белгілеуші құжаттың дубликатын нотариус мұра­ғатынан алынған құжаттың көшірмесін беру арқылы нотариус жүзеге асырады.
– Тіркеуші орган келісім жасаған тұлғалардың қо­лының түпнұсқаға сәйкес екендігін қандай жағдайда тексереді?
– «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тір­кеу туралы» ҚР 26.07.2007 жылғы Заңының 21-бабының 4-тармағына сәйкес, егер келісім нотариатпен расталмаған болса, тіркеуші орган тұлғалардың қолының түпнұсқаға сәйкес келуін, олардың құқықтық қабілеттілігін, сонымен қатар Заңның 22-бабының 2-тар­мағына сәйкес, егер құқық ке­лісім­шарт негізінде немесе ке­лі­сімнің нотариалдық куәлан­дыруынсыз туындаса, келісімнің барлық қатысу­шылары тиісті тәртіппен өтініш беруі қажет.
– Тұлға мемлекеттік тіркеу туралы қандай мерзімде өтініш беруге міндетті?
– «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР 26.07.2007 жылғы Заңының 9-бабына сәйкес (әрі қарай – Заң) тұлға құқық пайда болуының негізі болып табылатын заңгерлік фактісі түскен сәттен бастап алты айдан кем емес уақытта мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен баруы тиіс. Соның ішінде келісімшарттың нотариалдық куәландырылуы, сот шешімінің күшіне енуі, құқық белгілеушінің өзге де құжаттарды беруі де бар. Айтыл­ғандарға мына жағ­дайлар жатпайды: мемле­кеттік органдармен және уәкі­летті тұлғалармен салынатын құқық ауыртпалығын мем­лекеттік тіркеу туралы өтініш, сонымен қатар мұндай құқықтық ауыртпалықтар құ­қық ­иеле­нушінің өз еркінен тыс анықталған жағдайда және заңгерлік талапты тіркеу туралы өтініш тез арада мемлекеттік тіркеуге берілуі тиіс; құқықтың мемлекеттік тіркеуін жоққа шығаратын ауыртпалықтар болған жағдайда, тұлға ауырт­палықты тоқтатудың негізі болып табылатын заңгерлік фактісі түскен сәттен бастап алты айдан кем емес уақытта мемлекеттік тіркеу туралы өті­нішпен баруы тиіс.
Заңның 9-бабында көрсетілген мерзімдердің жеке және (немесе) заңды тұлғалармен бұзылуы ҚР ӘҚ кодексінің 460-бабымен қарастырылатын жауапкершілікке апарады және жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға жиырма айлық есеп­­тік көрсеткіш көлемінде айып­пұл төлеуге мәжбүрлейді.

Астана қаласы
Әділет департаменті

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button