SportБасты ақпаратЖаңалықтар

Зілтемірші Александр Зайчиков – Рио Олимпиадасының қола жүлдегері

Бүгін, 16 тамызда, Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиадада 105 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ауыр атлетикадан жарыс мәресіне жетті.  

08

Қазақстан атынан сынға түскен Александр Зайчиков Олимпиаданың қола жүлдесін иеленді. Оның қос сайыстағы нәтижесі – 416 келі (223+193). Ал, өзбекстандық Руслан Нурудинов 431 келімен (194+237) Олимпиада чемпионы атанды. Жарыстың «күмісі» 417 келі (190+227) көтерген армениялық Симон Мартиросянның еншісінде кетті.

Осылайша А.Зайчиков Қазақстан Ұлттық құрамасына Риодағы 10-шы медальін әкелді. Енді еліміздің қоржынында 2 алтын, 3 күміс және 5 қола жүлде бар.

Фото: AFP©

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button