Қоғам

Зиялы қауым өкілдері қар күреді

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында зиялы қауым өкілдері және студент жастар Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры маңында орналасқан Мұхтар Әуезов ескерткішінің жанында сенбілік өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Сенбілік барысында студенттерге қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат берілді.

«Бұл сенбілік – экология мәселелеріне қоғамның назарын аударумен қатар, жастарға ұлттық мәдениет пен әдеби мұра туралы маңызды ақпаратты жеткізетін іс-шара. Әрі «Таза Қазақстан» деген сөз ол жай экологиялық ортаның тазалығы емес, ол жан дүниенің, тілдің, рухтың, сананың тазалығын дәріптеуге жол ашқаны дұрыс. Әркім тазалықты өзінен бастайды деп айтып жүрміз. Ендеше адамдар сол тазалықты тілінен, әдеп-иба мінезінен бастаса, онда нағыз «Таза Қазақстан» болар едік. Елімізді қоқыс пен қардан ғана емес, жемқорлық пен парақорлықтан, әділетсіздіктен де тазартсақ, сонда біздің басты миссиямыздың орындалғаны болар еді», – деді жазушы, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты Толымбек Әбдірайым.

Астанада “Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі” акциясы жалғасуда.

Экоакция шеңберінде шаһарда қаланы, нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазалау, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button