#Жаңа Қазақстан

Зияткерлік меншік қорғалуы тиіс

Алматыда Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова зияткерлік меншікті қорғау мәселелері бойынша кеңес өткізді.

«Әлемдегі жағдай өзгеруде. Қоғамның өркендеуінің ең үлкен құндылығын қазір табиғи ресурстар, мұнай мен газ кен орындары жасамайды. Ең көп нәтижені білім экономикасы береді: жаңа технологиялар, ноу-хау, зияткерлік меншік және тағы басқалары» деп атап өтті құқық қорғаушы.

Оның пікірінше, Қазақстанда зияткерлік меншікті қорғау іс жүзінде жұмыс істемейді.

«Адамдар бәріне қол сұғуға көшкен. Әсіресе әлеуметтік желіде жарияланған мәтіндер, фотосуреттер, фильмдер, музыка мен кітаптардың айналасында құқық бұзушылар көп. Америка Құрама Штаттарында немесе Еуропада ағындық платформалар үшін төлем жасамайынша немесе фильм билетін сатып алуға бармайынша, музыка тыңдау немесе фильм көру мүмкін емес. Қазақстанда контент үшін ақша төлеу ұят деп есептеледі. Құқық қорғау үшін сотқа жүгіну мәдениеті жоқ. Мәселен, микротолқынды пеш ұрлағаны үшін адам түрмеге түссе, өнер туындысын ұрлағаны үшін жазадан құтыла алады. Сондықтан бір нәрсені ұрлау – ұят, ал ақыл-ой еңбегінің өнімін сұрамай-ақ тартып алу қалыпты жағдай болып кеткен» деді С.Тұрсынбекова.

Үміткер өз сөзінде технология ұрлығы туралы да айтты.

«Қазақстанда сараптама институты жоқ, сәйкесінше, технологияның немесе өнімнің нақты кімге тиесілі екенін анықтай алатын мамандар да аз. Кім бірінші болды, кім автор, кім заңсыз иеленуші екенін анықтау қиын. Заңдар бар, сонымен қатар, осы мәселелермен айналысатын мемлекеттік ұйымдар да бар. Алайда іс жүзінде ешқандай нәтиже бермей жатыр» деп атап өтті ол.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button