Зорлық-зомбылықсыз 16 күн
Елордада 25 қарашадан бастап 10 желтоқсанға дейін халықаралық «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» акциясы өтіп жатыр.
16 күндік жаһандық науқан әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы бағытталады. Науқан жыл сайын әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күні, 25 қарашадан бастап, 10 желтоқсанға дейін адам құқықтары күнінен бастап өткізіледі.
Науқанның тарихы тереңнен бастау алады. Lord house Settlement қауымдастығындағы әйелдер «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» акциясының ашылуында шеруге шықты. 1991 жылы науқанды Ратгерс университетінің Жаһандық Әйелдер көшбасшылығы орталығы (CWGL) жанындағы бірінші Жаһандық Әйелдер көшбасшылығы институты бастады және бастапқыда «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» науқаны деп аталды. 1991 жылдан бастап науқанға шамамен 187 елден 6000-нан астам ұйым қатысты.
Акцияның мақсаты – қоғамның назарын гендерлік зорлық-зомбылық мәселесіне аудару, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау және зорлық-зомбылыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.
Астана қаласы Полиция департаментінің Есіл аудандық полиция басқармасы зорлық-зомбылықпен күрес тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір азаматтың да ортақ міндеті екенін еске салады.
Егер сіз зорлық-зомбылық фактілеріне куә болсаңыз немесе өзіңіз осындай жағдайға тап болсаңыз, тез арада мына нөмірлерге хабарласыңыз:
- «102» арнасына – полицияның жедел әрекет етуі үшін;
- «111» сенім телефонына – зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған ұлттық бірыңғай желі.
Астана қаласы Полиция департаменті Есіл ауданының Полиция басқармасы