Шеберлік сабағын өткізді
Бас қалада Joltap әлеуметтік бағдарламасы аясында іс тігу бойынша шеберлік сабағы өтті. Дағдыны жетілдіру үшін жұмысқа орналасқан түлектер шапан, жеңі бар дәстүрлі ұзын көйлек тігуді үйренді.
Сондай-ақ үйренушілер оқытушының мұқият бақылауымен үлгіні құрастыру, матаға ауыстыру, пішу және тігу сияқты бірегей бұйымды жасаудың барлық кезеңін меңгерді.
Joltap бағдарламасы – елорда әкімдігінің бастамасы. Осыған дейін 5 мыңнан астам адам оқып, 3 мыңға жуығы жұмысқа орналасты. Тегін қысқамерзімді курстарға «Баршаға мүмкіндік» модульдік пункттерінде жазылуға болады. Дәріс 8 жұмыс дағдысы (тігінші, сәнгер-конструктор, бухгалтерлік есеп негіздері, корпустық жиһаз жасау негіздері, сатушы-кассир, электргазбен дәнекерлеуші, бариста, аяқ киімді жөндеу) және 7 цифрлық дағды (SMM, сайт жасау, бейнемонтаж, графика дизайны, мобилография, маркетплейстердегі сауда, таргет) бойынша өтеді.