Елорда тынысы

Шеберлік сабағын өткізді

Астанада 23-24 қарашада Онкологтар мен радиологтар Альянсының «Қазіргі онкология, өзекті мәселелері, жетістіктері мен инновациялары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді. Оған қатысу үшін шетелдердің онкология саласындағы жетекші мамандары шақырылды. Соның аясында кеше білікті тәжірибелі мамандардың қатысуымен 5 шеберлік сабағы өткізілді.  

Ауқымды іс-шараны аталған Альянспен қатар Астана қаласы әкімдігінің Көпсалалы медицина орталығы, Онкология орталығы, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бірлесе ұйымдастырды. Маңызды шараға Қазақстаннан, жақын және алыс шетелдерден, атап айтқанда, АҚШ, Еуропа, Азия, Қазақстан және ТМД елдерінен 550-ден астам онкология саласындағы жетекші мамандар, сәулелік терапия және диагностика мамандары қатысады. Жыл сайын 35 мың қазақстандықтың бойынан қатерлі ісік диагнозы анықталады. 13 мыңнан астам пациент осы дерттен қайтыс болады. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында қатерлі ісіктердің алдын алу мен емдеудің, ерте диагностика мен скринингтің, емдеудің жаңа әдістерін енгізудің аса маңызды мәселелері қаралады.

Конференция басталмас бұрын саланың жетекші мамандарының қатысуымен хирургиялық бағытта өткен шеберлік  сабағы «Кеуде және іш қуысының минималды инвазивті хирургиясы» деп аталды. Екінші шеберлік класы Лапароскопиялық гастрэктомия отасы бойынша өтті. Үшіншісі тік ішек ісігін трансанальды эндоскопиялық алып тастауға арналды. Төртінші шеберлік сабағы Olympus техникалық қолдауымен «Заманауи жедел эндоскопия» бойынша жүргізілді. Соңғысы « Live Surgery» лапароскопиялық простатэктомиядан лапароскопиялық ішінара нефрэктомия бойынша болды.

Тағыда

Райхан Рахметова

«Астана ақшамы» газетінің шолушысы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button