Мәдениет
Айтматов фестивалінде топ жарды

Бішкек қаласында өткен Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдық мерейтойына арналған «Айтматов және театр» атты VІ халықаралық театр фестиваліне қатысқан астаналық өнер ұжымдары топ жарды.
Шыңғыс Айтматовтың «Жан пида» трагедиясын (қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрқанат Жақыпбай) ұсынған Астана қаласы әкімдігінің «Жастар» театры Гран-приді жеңіп алды. Ал Әзірбайжан Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театры «Боранды бекет» спектаклімен (режиссері – Ұланмырза Қарыпбаев) фестивальдің үлкен жүлдесіне ие болды. Осы спектакльде Едіге бейнесін сомдаған Нартай Сауданбекұлы «Ең үздік ер адам бейнесі» аталымында топ жарды.