Мәдениет

Ер есімі – ел есінде

Астана қаласындағы «Динамо» спорт кешенінде Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай Астана қаласы және Ақмола облысы футбол ардагерлері арасында шағын-футболдан жарыс өтті.

«Ер есімі – ел есінде» деп аталған турнир Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен, Рақымжан Қошқарбаевтың туған-туыстарымен бірлесе отырып ұйымдастырылды. Турнирге Астана қаласының Ауғанстан соғыс мүгедектері мен ардагерлері ұйымы командасы, Ақмола облысының Целиноград, Қорғалжын, Атбасар, Астрахан аудандарының және «Темеш» құрама командалары қатысты. Салауатты өмір салтын насихаттауға, Астана спортының имиджін көтеру, жастарға әскери-патриоттық тәрбие көрсету, Ұлы Отан соғыс ардагерлерінің мәртебесін асқақтатуға бағытталған іс-шараны майдангер батырдың ағайындас бауырлары Асқарбек Әбілмәжитов,  Асылхан Әбілдин, Аслан Бабасов, Бекайдар Ильясов, Данияр Егінбаев секілді азаматтар зор үлес қосты. Жарыстың бас төрешісі Асхат Тұрсынбеков батырдың мерейтойына арналған турнирдің жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, осындай іс-шаралар арқылы Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі халық жадында мәңгілік жасайтынын айтып, қатысушы командаларға алғысын білдірді.

Турнир барысында үздік шабуылшы, қорғаушы және қақпашы анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ турнирге қатысқан командалар арасында бірінші орынға «Темеш» құрама командасы,  екінші орынға Астрахан ауданы командасы, үшінші орынға Астана қаласының Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлер ұйымы және Атбасар ауданы командалары ие болды.

Турнир жеңімпаздары тиісті дипломдармен, кубоктармен және медальдармен марапатталды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button