ҚоғамҚұқық

Есірткіге жол жоқ!

Елордада 14-29 жас аралығындағы жастардың арасындағы нашақорлыққа қарсы «ESIRTKEGE JOL JOQ» акциясы жыл сайын өткізіледі.

[smartslider3 slider=385]

Осыған орай Нұр-Сұлтан қаласы «Астана жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен студенттер арасында тренингтер өткізіледі. Бұл жобаның мақсаты – диспансерлік есепте тұрған нашақорлардың санын азайту. Аталмыш акция 2021 жылдың мамырынан  – желтоқсанына дейін ай сайын жасөспірімдер мен жастар арасында есірткіден бас тарту идеясын насихаттайтын іс-шаралардың кешені ретінде өткізіледі.
Бұл жолы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен өткен тренингке Нұр-Сұлтан полиция бөлімінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Сергей Ильин мен «РЕНЕССАНС» оңалту орталығынан бөлім бастығының орынбасары Александр Васильевич қатысты.
«Қазіргі уақытта есірткі заттарының заңсыз жарнамасы түрлі формаға бейімделген. Олардың қатарында граффитти, сурет, барлық баспа өнімдері, үнпарақ, жапсырма бар. Тіпті, билбордтарға QR-код таңбалау арқылы заңсыз жарнаманы тарату фактісі де тіркеліп отыр. Мұндай жарнамаларды да анықтап жатырмыз. Оқыту семинарларын да өткіземіз. Коммуналдық қызмет өкілдерімен кездесіп, мұнда жарнамаларды қалай анықтау керектігін, неге назар аудару қажеттігін түсіндіреміз. Үкіметтік емес ұйымдарды, корпоративтік қорларды, волонтерлерді жұмылдырудамыз, олар рейдтер жүргізеді» деді Сергей Ильин. Оның атап өтуінше, жыл басынан бері елорда аумағында синтетикалық есірткі әзірлеумен айналысатын 3 зертхана жұмысы әшкереленген.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button