Sport

Мерекелік марафон

Елордада мереке қарсаңында «Astana Nauryz marathon» жарысы өтті. Бұған 500-ге жуық адам қатысты.

Мерекелік марафон Триатлон паркте салтанат құрды. Қайырымдылық мақсатында өткен жарыста қатысушылардан жиналған қаржы қатерлі ісік ауруына шалдыққан балалардың еміне жұмсалады.
Наурыз мейрамын жаршылаған бұл жарыс 3 арақашықтыққа бөлінді, яғни қатысушылар 5, 10 және 21 шақырымды жүгіріп өтті. 5 шақырымды 96 адам еңсерсе, 10 шақырымға 125 адам жүгірді, ал ең ұзақ меже 21 шақырымды 159 адам бағындырды. Сондай-ақ 500 метрге 100 бала жүгірді.
Сонымен, көктемгі жарыстың абсолютті чемпионы Базарбай Дәулетәлиев болды. Ол 21 шақырымды 01:11:35 көрсеткішімен бағындырды. Ал әйелдер арасында 01:37:05 нәтижесімен Татьяна Миргородская бірінші болды.
Одан кейін 10 км қашықтықта Арман Ғалымов бәрінен бұрын келді. Нәзік жандылардан Яна Пак жеңімпаз болды.
Чемпион атанғандарға Түркияның Ыстамбұл қаласына саяхаттауға жолдама берілді. Ал екінші және үшінші келгендер Грецияның Афина қаласына сапар шегеді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button