Мәслихат

Ырыс алды – ынтымақ

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов Ресей Федерация­сының Түмен облысының делегаттарымен кездесіп, өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Түмен қалалық Думасының төрағасы Светлана Ивановамен және Ресей қазақтарының федералдық ұлттық-мәдени автономиясының президенті Есенгали Ибраевпен өткен кездесуде бірлесе жұмыс істеудің мән-жайы талқылады.

– Түмен қалалық Думасы, біздің барлық деңгейдегі мәслихаттар сияқты 30 жылдығы екен. Оның құрамында 6 комиссия бар, депутаттар саны – 36, оның ішінде 6 әйел қызмет атқаруда. Елордалық мәслихаттың құрылымы, басым бағыттары, әлемнің басқа елдеріндегі әріптестерімізбен бірге өзара іс-қимылды қалай жүзеге асыратынымыз туралы айтып бердім. Осы мүмкіндікті пайдаланып, қонақтарды Дүние­жүзілік көшпенділер ойындарына қатысуға шақырдым, – деді Ерлан Каналимов.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button