Ел тынысы

Үкіметте Алматыдағы жер сілкінісіне қатысты жұмыстар баяндалды



Үкімет отырысында Алматы қаласындағы жер сілкінісіне қатысты жағдай қаралуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әріновтің баяндауынша, республикалық және өңірлік жедел штабтар құрылып, 384 азаматтарды қабылдау пункті ұйымдастырылды.

Тәулік бойы «жедел желі» жұмыс істеуде.

Оқиға орын алған күні қабылдау пункттерінде үш мыңға жуық адам орналасты.

Әкімдіктермен қираған ғимараттарды анықтау бойынша тексеру жалғасуда.

Сел қаупі бар аумақтарда аэровизуалды зерттеу жүргізілді.

Алгоритмге сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері тартылды.

Алматы қаласы бойынша барлық тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеуде.

Қазіргі уақытта ел бойынша сейсмикалық жағдай тұрақты. Төтенше жағдай министрлігі профилактикалық жұмыстарды жалғастырады.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button