Редакция құрамы
Еркін Қыдыр - «Астана ақшамы» газетінің бас редакторы
1962 жылғы 1 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында дүниеге келген.
1984 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, 2007 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін экономика және басқару мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1984 жылы Шымкент қорғасын зауытында слесарь болып бастады. 1985-1990 жылдары Шымкент облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газеті редакциясында қызмет атқарды. 1990-1996 жылдары республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі болды.
1996 жылдан «Егемен Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары, бірінші орынбасары, 2007-2008 жылдары «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ директоры, 2008 жылдан 2016 жылға дейін акционерлік қоғам президентінің кеңесшісі, вице-президенті (басқарма төрағасының орынбасары) болды. Ал 2016 жылдың сәуір айында «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.
2017 жылғы наурыздан бастап республикалық «Астана ақшамы» газетінің бас редакторы болып қызмет атқарады.
Еркін Сағындықұлы республика ақпарат саласында атқарған жемісті қызметі нәтижесінде ҚР Президенті сыйлығының лауреаты (1999) атанып, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2010) құрметті атағына қол жеткізді. Ол – сонымен қатар «Ақпарат саласының үздігі», «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерінің иегері. 1997-1998 жылдары ҚР Президенті жанындағы Жоғары тәртіптік кеңестің мүшесі болды. 2016 жылдан «Нұр Отан» партиясы партиялық бақылау комитетінің, 2015 жылдан Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті органның Этика жөніндегі комиссиясының мүшесі. «Ұсақтама, Үкімет», «Отырар», «Кәусар кез» кітаптарының авторы.
Ғалым Қожабеков – «Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары
1963 жылы 1 қаңтарда Целиноград облысы Қорғалжын ауданы Жанбөбек ауылында туған.
1980 жылы Калинин орта мектебін бітірген.
1981-83 жылдары Ауғанстанда әскери міндетін өтеген.
1984-88 жылдары С.Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогика институтында оқыды.
1990 жылы Ақмола облыстық «Коммунизм нұры» (қазіргі «Арқа ажары») газетінде еңбек жолын бастады.
1995 жылы «Ақмола ақиқаты» (қазіргі «Астана ақшамы») газетіне тілші болып ауысты, кейіннен шолушы, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, бас редактордың бірінші орынбасары болды.
«Астана саңлақтары», «Сайыпқыран», «Қанды көйлек қарулас», «Астана ақшамы» кітаптарының авторы.
«Құрмет» ордені, «За отвагу», «Халық алғысы» медальдарының иегері. С.Бердіқұл атындағы сыйлықтың иегері, бірнеше шығармашылық байқаулардың лауреаты.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Төлен Тілеубай – «Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Кеншоқы ауылында туған.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің журналистика бөлімінің түлегі.
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің магистратурасын «Журналистика және репортерлік жұмыс» мамандығы бойынша үздік бітірді. Әлеуметтік ғылымдар магистрі.
«Аласапыран Америка» (очерк, публицистика, сұхбаттар, әңгімелер), «Тәуелсіздік – тұмарым» (сұхбаттар, сараптамалық мақалалар, публицистика) атты кітаптардың авторы. Ақпарат саласының үздігі төсбелгісінің (2022 жыл) иегері.
Халықаралық, республикалық байқаулардың, фестивальдердің, форумдардың жүлдегері. VI «ШАБЫТ-2003» Халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің «Журналистика» номинациясы бойынша Бас жүлде иегері және «Әдебиет» номинациясы бойынша дипломанты болды.
«ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен және ақын Төлеген Айбергеновтің өмірі мен шығармашылығын насихаттауға қосқан айрықша еңбегі үшін «Төлеген Айбергеновке – 80 жыл» естелік медалімен марапатталды.
«Сана», «Ақ жол, Қазақстан», «Жас қазақ үні», «Алтын орда», «Жас қазақ» газеттерінде, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінде, Премьер-Министр кеңсесінің Үкіметтік басылымдар редакциясында қызмет атқарған. Қазақстан Журналистер Одағының және «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі.
Таңатар Төлеуғалиев – «Астана ақшамы» газетінің тілшісі
Таңатар Абдоллаұлы Төлеуғалиев 1959 жылы 20 тамызда Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы – журналист. Аудармашы. 1987 жылдан Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Журналистік еңбек жолын облыстық «Орал өңірі» газетінде корректорлықтан бастады. Жалпы еңбек өтілі – 46 жыл. Журналистика саласындағы еңбек өтілі – 36 жыл. Соның ішінде 13 жылын – «Астана ақшамы» газетінде өткізіп, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасарына дейінгі жолдан өтті.
2002 жылы «Астана» журналының жауапты хатшысы, 2003-2009 жылдары «Қазақстан теміржолшысы» газетінің бас редакторының орынбасары, бас редакторы қызметтерін атқарды. 2009 жылдан 2013 жылға дейін «Benws kz» ақпараттық порталының жауапты шығарушысы, бас редакторы лауазымында болды.
«Астанаға – 20 жыл» (2018 жыл), «Еңбек ардагері» (2021 жыл) медалдерінің, Ақпарат саласының үздігі төсбелгісінің (2022 жыл) иегері.
«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері (2022 жыл)
Айгүл Уайс – «Астана ақшамы» газетінің шолушысы
Ақпарат саласының үздігі.
Аманғали Қалжанов – «Астана ақшамы» газетінің шолушысы
1979 жылдың 26 қаңтарында Жезқазған облысы (қазіргі Ұлытау), Жаңаарқа ауданы Айнабұлақ ауылында дүниеге келген.
Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті филология факультетінің түлегі. Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы №16 қазақ орта мектебінде, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Южный кентіндегі №9 мектеп-балабақшасында қызмет істеді.
Журналистика саласында 2008 жылдан бері еңбек етіп жатыр. Бастапқыда Шахтинск қаласындағы «Шахтинский вестник» газетінде қазақ бөлімінің редакторы болды. 2013 жылдың мамырынан «Астана ақшамы» республикалық қоғамдық-саяси газетінде журналист. Қазіргі қызметі – шолушы.
Қарағанды облысы әкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығының иегері (2010), Ақпарат саласының үздігі (2022).
Қалиақбар Үсемханұлы – «Астана ақшамы» газетінің шолушысы
2004 жылы ҚХР-ның Шыңжаң университетінен «әлеуметтану» мамандығын, 2021 жылы «Тұран-Астана» университетінен «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын(магистр) бітірген.
Журналистика саласындағы жұмысын Арғы бетте бастаған ол Қытай қазақтары баспа сөзінің қара Шаңырағы, Қабдеш Жүмәділов, Қажытай Ілиясұлы сынды танымал қаламгерлердің ізі қалаған «Шыңжаң» газетінде 14 жыл тілші, аудармашы, фототілші болып қызмет істеді. Осы мезгілде:
-ҚХР Шыңжаң Ақпарат сыйлығының 1 дәрежелі дипломымен 9 мәрте, 2 дәрежелі дипломымен 8 мәрте, 3 дәрежелі дипломымен 14 мәрте марапатталған.
– Қытай Батыс Терістіктегі бес өлкесінің аз санды ұлттар ақпарат сыйлығымен 8 мәрте марапатталған.
– 2010 жылы Шыңжаң Газетінің «он үздік тілшісі» сыйлығын алған.
– 2015 жылы тамызда «Қазақстан конституциясына 20 жыл» Мемлекеттік медалімен марапатталған.
– 2016 жылы «көш» фотосы «Алтай фото байқауында» 2 дәрежелі дипломмен марапатталған.
– 2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған студенттер мен магистранттар арасында өткізілген «Абай әлемі» ғылыми байқауының жеңімпазы атанып, 3 дәрежелі дипломмен марапатталған.
– 2021 жылы «NUR-SUNQAR» Республикалық байқауында «Ұшқыр қалам» номинациясы бойынша марапатталған.
– Ақпарат және қоғамдық даму министрінің, Мәдениет және спорт министрінің, сондай-ақ қала әкімінің алғыс хатын алған.
Сұлтан Сейітов – «Астана ақшамы» газетінің фотографы
Гүлбаршын Өкешқызы – «Астана ақшамы» газетінің тілшісі
Целиноград облысы Қорғалжын ауданының тумасы.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің түлегі.
Алғашқы еңбек жолын 1990 жылы Ақмола облыстық «Коммунизм нұры», қазіргі «Арқа ажары» газетінде тілші болып қызмет етуден бастады.
«Астана ақшамы» басылымында 1996 жылдан бері еңбек етіп келеді.
ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Құрмет грамотасымен, Астана қаласы әкімінің, Алматы және Сарыарқа аудандары әкімдерінің Алғыс хаттарымен, «Астанаға – 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Райхан Рахметова – «Астана ақшамы» газетінің тілшісі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, журналистика факультетінің 2002 жылғы түлегі.
Әр жылдары «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Қазақстан-Ақтау» облыстық телеарнасы, «31 арна-Ақтау» қалалық телеарнасында және «Мұнайлы» газетінде журналист, тележүргізуші болып жұмыс істеді. «Қазақстан теміржолшысы» газетінде 2011 жылдан, «Астана ақшамы» газетінде 2020 жылдан бері жұмыс істейді.
Гүлшат Сапарқызы - «Астана ақшамы» газетінің тілшісі
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 1993-2004 жж.- Республикалық қоғамдық-саяси газет «Егемен Қазақстан» газетінде тілші болып істеді,
2004-2005 жж. – Республикалық «Алтын орда» газетінің Ақтөбедегі меншікті тілшісі, 2005-2009 жж. – «Қазақстан» РКТРК Ақтөбе филиалы – «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының шығармашылық бағдарламалар дайындау бөлімінің аға редакторы, 2009 – 2012 жж. Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты Құжатпен қамтамасыз ету және тілдерді дамыту басқармасының бастығы, 2012 ж. қыркүйегінен бастап АқМПИ Аккредиттеу және рейтинг бөлімінің бастығы, университеттің Ақпараттық қамтамасыз ету және тілдерді дамыту дамыту бөлімінің бастығы, Тілдерді дамыту және бұқарамен байланыс орталығының бастығы болып еңбек етті.
2014 -2016 жылдары «Қазақстан-Ақтөбе» телекомпаниясының бас редакторы, редактор қызметін атқарды,
2018 жылдан бастап Ақтөбе қаласы әкімдігі аппаратының инспекторы, Ақтөбе қаласы әкімдігі аппаратының бас маманы, қала әкімі аппаратының бас инспекторы-баспасөз хатшысы, Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы қызметтерін атқарды.
Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі – 8 жыл, жалпы жұмыс өтілі – 34 жыл.
2019 жылдан Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі.
Журналистика саласында БҰҰ сыйлығының, республикалық, облыстық, қалалық байқаулардың жеңімпазы, «Ақтөбе қаласының 150 жылдығы» медалінің иегері. 2021 ж. – Медицина қызметкерлері мерекесіне орай Ақтөбе облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. БАҚ қызметкерлері мерекесіне орай ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың құттықтау хатымен марапатталды.
Нұрлат Байгенже – «Астана ақшамы» газетінің тілшісі
1984 жылы 7 сәуірде Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Төменарық елді мекенінде туды. Д.Романов атындағы №53 мектепте орта білім, Павлодар педагогикалық институтында бакалавр, С.Торайғыров атындағы Павлодар университетінде магистрлық білім алды.
2007 жылы 21 тамызда С.Торайғыров атындағы Павлодар университетінде ғылыми шараларды ұйымдастыру бөлімінде маман ретінде қызметін бастап, баспасөз қызметінде және медиа орталықта редактор болды.
Одан кейінгі жылдары «Регион.kz»Павлодар облыстық жастар газетінің бас редакторы, «Жаңақорған тынысы» аудандық газетінің бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, бас редакторы қызметін атқарды.
VІІ шақырымдағы Жаңақорған аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды.
2022 жылы 1 наурызда елордаға қоныс аударып, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығына қызмет ауыстырды.
Бүгінде «Астана ақшамы» республикалық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі ретінде шығармашылығын шыңдауда.
Индира Бержанова – «Астана ақшамы» газетінің тілшісі
XIX республикалық Абай оқулары қалалық кезеңінің II орын иегері
I қалалық Ғали оқуларының, Мұхтар Шахановтың 75 жылдығына арналған “ Рух пен тіл” оқуларының жүлдегері
Сырбай Мәуленов атындағы Қордың Құрмет грамотасы иегері;
Риторика және коммуникация бойынша Бүкілресейлік байқаудың II орын иегері
Бота Жаппарбекова – «Астана ақшамы» газетінің дизайнер-бет қаттаушысы
Басылымда 2003 жылдан бері еңбек етіп келеді
Астана қаласы әкімінің және ішкі саясат басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталған
Гүлдана Жүркенова - «Астана ақшамы» газетінің дизайнер-бет қаттаушысы
«Астана ақшамы» газетінде 2007 жылдан бері еңбек етеді
Астана қаласы әкімінің және ішкі саясат басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталған
Әмір Досхожин – «Астана ақшамы» газетінің корректоры
Бас қаланың бас басылымында 2016 жылдан бері корректор лауазымында қызмет етіп келеді. «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі.
«Журналистер шығармашыл жандар болса, біз техникалық қызметкерлер сапындамыз. Сондықтан алдымызға келген материалдың орфографиялық, пунктуациялық қателерін тауып, қатесіз шығуына атсалысу – біздің басты міндетіміз» дейді Әмір.
Елордалық газеттегі еңбегі үшін Астана қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің құттықтау хатымен марапатталған.